«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі бос басшы лауазымына конкурс жариялайды

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының басшысы

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Гришин к-сі, 1

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

2) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурстың өткізілетін орны: «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.12.2024 ж. – 09.01.2025 ж. аралығы

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Басшы қызметіне қысқаша сипаттама: Орталықтың қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017  «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Басқарманың ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Ақтөбе облысының білім  басқармасы» ММ-не  мына мекен-жайға  тапсыруы қажет: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 540 кабинет. «Ақтөбе облысының білім  басқармасы» ММ. Анықтама телефоны: 56 85 40. e-mail: a.khasen@aktobe.gov.kz

Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ

Дата публикации
25 декабря 2024