Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына баспа-релиз

Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Комиссияның шешімімен барлығы 7459 , оның ішінде білім – 1020, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 429, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат – 25, бизнес, басқару және құқық – 395, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 577, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 3335, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария – 212, денсаулық және әлеуметтік қамсыздандыру – 805, қызметтер – 856  орынға тапсырыс берілді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның шешімімен қажетті мамандықтарды оқытатын оқу орындары анықталды. Оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін №381 бұйрықтың  32-тармағына сәйкес негізгі критерийлерді, сондай-ақ  ақпаратты растайтын құжаттарды қарады.

Дата публикации
29 октября 2024