Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген жоғары бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша қағидаларға сәйкес облыста жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Комиссияның шешімімен барлығы 73 грантқа тапсырыс берілді.