Облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №209 «2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА
Ақтөбе облысында статистикалық деректерге сәйкес 43 колледж бар, 41 колледж жұмыс жасауда, оның ішінде 26 колледж мемлекеттік, 15 жеке болып келеді.
2020-2021 оқу жылына мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жұмыстары жүргізіледі.
Нарық қажеттілігін және оқу орындарының мүмкіндіктерін ескере отыра Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы №209 қаулысымен «2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» құқықтық акт бекітілді.
Қазіргі таңда жан басына шаққандағы қаржыландыруға байланысты жеке оқыту бойынша даярлауға бірнеше мамандықтарға оқыту бір айға орташа шығын бағасына өзгерістер енгізілуде.