Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2024-2025 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға (бакалавриатқа) 40 орынға грант бөлінді. Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Комиссия отырысында қажетті мамандықтар және сол мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары анықталды.
Келесі кезеңде грант иегерлері анықталатын болады.
Комиссия мүшелері талапкерлердің біліміне, яғни ҰБТ нәтижелеріне басты назар аударады (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштері 7, 8, 9 тамызда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғимаратында 9:00 ден 18:00 ге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (түпнұсқа мен көшірме болу қажет):
Естеріңізге салайық, осы гранттарға оқуға түсуші әрбір тұлғамен 3 жақты келісімшарт жасалады. Бұл гранттар бойынша жоғары оқу орнын бітірген маман облыстың кез келген кадр тапшылығы орын алған жерге жолдамамен барып, келісімшарт негізінде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажет, яғни білім алған мамандар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті.
Байланыс телефондары: 8-777-660-37-59, 568560