Ақтөбе облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің «2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 191 қаулысына баспа релиз

 

          «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес әр оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітіледі.

          Жоғарыда аталғандарды негізге ала отыра 2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 79 мамандық бойынша  7459 бюджеттік орынға, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру  жоспарланып отыр.

Дата публикации
29 июля 2024