Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу Қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу Қағидалары бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе облысының әкімі                                                      А. Шахаров

Жоба ұсынушы:                                                                                        
«Ақтөбе облысының білім
басқармасы» ММ басшысы                                                              Ж. Сұлтан

 

 

Дата публикации
29 марта 2024