Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары жұмысшыларының лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары жұмысшыларының лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

ЖОБА

Ақтөбе облыстық мәслихаты
шешім

 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе
облысының білім беру ұйымдары жұмысшыларының
лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын
белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  Ақтөбе облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары жұмысшыларының лауазымдық жалақыларына отыз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
19 марта 2024