| Бағдарлама | Атауы | Есепті кезеңге арналған қаржылық жоспары, млн.тг. | Игерілуі | Игерілмеу себебі | |
| млн. тг. | % | ||||
| 001 | Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 147,6 | 142,4 | 96,5 | 5,2 млн.тг. игерілмеген, оның ішінде: 2,9 млн.тг. - мемлекеттік қызметкерлерді бағалау қорытындысы бойынша бонустан үнемделген қаржы; 1,2 млн.тг. - бос орындардың және еңбекке уақытша жарамсыздық парақшаларының болуына байланысты; 1,1 млн.тг. - өзге ерекшеліктер бойынша нақты төлемнен қалған қаражат қалдығы. |
| 003 | Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру | 539,8 | 538,5 | 99,8 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есепті кезеңге арналған ағымдағы шығыстары бойынша дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы |
| 006 | Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру | 241,4 | 241,4 | 100,0 | - |
| 007 | Облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу | 66,8 | 65,4 | 97,9 | 1,4 млн.тг. "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы бойынша төлем тапсырмаларының қазынашылыққа кеш ұсынылуына байланысты кассадан өтпеген. |
| 011 | Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету | 193,2 | 191,6 | 99,2 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша нақты төлемдерден қалған қаражат қалдығы |
| 012 | Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу | 51,7 | 51,5 | 99,6 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есепті кезеңге арналған ағымдағы шығыстары бойынша дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы |
| 015 | Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру | 54,8 | 54,3 | 99,0 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есепті кезеңге арналған ағымдағы шығыстары бойынша дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы |
| 024 | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | 1 350,1 | 1 344,5 | 99,6 | 5,6 млн.тг. игерілмеген, оның ішінде: 4,3 млн.тг. - Эмба көпсалалы колледжі бойынша шәкіртақы төлемдерінің қазынашылыққа кеш ұсынылуына байланысты кассадан өтпеген; 1,3 млн.тг. - өзге ерекшеліктер бойынша нақты төлемнен қалған қаражат қалдығы. |
| 029 | Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу | 215,8 | 215,1 | 99,7 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша нақты төлемдерден қалған қаражат қалдығы |
| 052 | Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау | 47,9 | 47,8 | 99,8 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есепті кезеңге арналған ағымдағы шығыстары бойынша дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы |
| 055 | Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру | 1 007,1 | 1 005,0 | 99,8 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша нақты төлемдерден қалған қаражат қалдығы. |
| 057 | Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету | 36,0 | 34,0 | 94,6 | 1,9 млн.тг. игерілмеген, оның ішінде: 1,8 млн. тг. - студенттердің жеңілдікті жол жүруіне қарастырылған қаражат, растайтын құжаттардың уақытылы ұсынылмауына байланысты игерілмеген; 0,1 млн.тг. - стипендияның нақты төлемдерінен қалған қалдық. |
| 067 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 8,2 | 7,6 | 92,0 | 0,7 млн.тг. конкурстық рәсімдердің ұзақтығына байланысты игерілмеген. |
| 081 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту | 356,6 | 354,7 | 99,5 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша нақты төлемдерден қалған қаражат қалдығы. |
| 082 | Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру | 12 705,6 | 12 667,4 | 99,7 | 38,2 млн.тг. игерілмеген, оның ішінде: 9,3 млн.тг. - Ақтөбе қаласы және Алға, Әйтеке би, Мұғалжар аудандары бойынша 1-4-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша игерілмеген қаржы; 5,3 млн.тг. - 116 ерекшелік бойынша қазынашылықтан төлем құжаттарының кері қайтып келуіне байланысты; 7,9 млн.тг. - еңбекке уақытша жарамсыздық парақшаларының болуына байланысты; 4,7 млн.тг. - бағдарламалық өнімдерге техникалық қызмет көрсетушілерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұзақтығына байланысты; 11,0 млн.тг. - өзге ерекшеліктер бойынша нақты төлемнен қалған қаражат қалдығы. |
| 086 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін | 0,6 | 0,6 | 100,0 | - |
| 087 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға | 48,6 | 48,5 | 99,9 | Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есепті кезеңге арналған ағымдағы шығыстары бойынша дөңгелектеу есебінен қаражат қалдығы |
| 092 | Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу | 14,5 | 13,3 | 92,0 | 1,2 млн.тг. - патронат тәрбиешілер бойынша салық төлемдерінің қайтарылуына байланысты игерілмеген. |
| 202 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 4 093,2 | 4 093,2 | 100,0 | - |
| 203 | Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға | 7 793,5 | 7 783,9 | 99,9 | 9,7 млн.тг. игерілмеген, оның ішінде: 3,8 млн.тг. - 116, 121 ерекшеліктер бойынша ағымдағы айға қаржының артық жоспарлануына байланысты; 4,6 млн.тг. - 158, 159 ерекшеліктер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімінің ұзақтығы (жеткізушілер анықталмаған); 1,3 млн.тг. - өзге ерекшеліктер бойынша нақты төлемнен қалған қаражат қалдығы. |
| БАРЛЫҒЫ | 28 972,9 | 28 900,6 | 99,8 | ||