Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 271 «Жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №271 «Жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13418 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 271 «Жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7311 тіркелген, 2020 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

          2.«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
25 августа 2020