Ақтөбе облысында 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілді. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін айына 1 балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру есебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» № 597 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Ата-ананың айына төленетін төлемінің көлемі өзгермейді, 2023 жылға есептелгендей өзгеріссіз қалады: Ақтөбе қаласы (тәрбиеленушілерді тегін бағып-күту ұсынылатын санаторлық және түзету топтарынан басқа)-800 теңге, Аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалар (тәрбиеленушілерді тегін бағып-күту ұсынылатын санаторлық және түзету топтарынан басқа) – 700 теңге, Ауылдық елді мекендер (тәрбиеленушілерді тегін бағып-күту ұсынылатын санаторлық және түзету топтарынан басқа)- 600 теңге.