Мемлекет басшысы тарапынан қойылған міндеттерді орындау мақсатында облыстың білім саласы жергілікті бюджеттен тиісті ресурстармен қамтамасыз етіліп, саланың басым бағыттары бойынша маңызды мәселелер шешімін тапты.
Облыс бюджеті қаражатының 40%-ы (205,9 млрд. тг.) білім саласына бағытталған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16%-ға (174,3 млрд. тг.) жоғары.
Облыста 430 мектеп (180 663 оқушы), 593 балабақша (45006 тәрбиеленуші), 40 колледж (27 442 студент) қызмет жасайды.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие бағыты бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізілді. 2278 орындық 29 балабақша (Ақтөбе - 22, Байғанин - 1, Мәртөк - 2, Темір - 2, Қарғалы - 1, Шалқар - 1) ашылды. Нәтижесінде 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 89,8%, 2 мен 6 жас аралығы - 93%, 3-6 жастағы балаларды қамту – 100%-ды құрайды.
1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын арнайы санаттағы отбасылардан шыққан 3000-ға жуық бала тегін тамақпен қамтылды.
Орта білім саласында қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту бағытында шаралар атқарылды. Облыстағы мектептердің 50%-ы шағын жинақты мектептер. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында «Bilim All» жобасы іске қосылды. Цифрлық технологиялар мүмкіншілігін пайдалана отырып қаланың үздік 35 мұғалімі шалғай аймақтардағы шағын жинақты мектеп оқушыларына 5 пән бойынша (физика, математика, химия, биология, ағылшын тілі) онлайн форматта сабақ беріп, соның нәтижесінде бірнеше мәселе шешімін тапты, атап айтқанда: (1) Кадр тапшылығы мәселесі шешілді, (2) ауыл мұғалімдерінің пәндік білімі арта түсті (3) мұғалімдер арасындағы байланыс нығайды, (4) педагогтардың цифрлық сауаттылығы артты. Осы жобаның тиімділігі нәтижесінде қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығы 15%-дан 10,3%-ға төмендеді (4,7%).
«Bilim All» бастамасы «Қазақстан Халқы» Қоры есебінен қолдау тауып, 12 тірек мектеп және 134 шағын жинақты мектеп жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын заманауи оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
«Қазақстан халқына» қорының көмегімен мектептерден 10 инклюзивті қолдау кабинеті ашылады.
Республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда облыс оқушылары жетістік деңгейін 11%-ға ұлғайтты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын иеленді. 5 облыс мектебі 100 үздік мектептер қатарына енді.
2023 жылғы ҰБТ бойынша облыс түлектерінің нәтижесі +7,8 баллға жоғарылаған, яғни 71,3 балл құрайды.
1-4 сыныптардың барлық 72 841 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді (2,6 млрд. теңге бөлінді).
Облыстағы 6 үш ауысымды мектептің саны биылғы жылы жаңа мектептер есебінен 4-ке қысқарды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда 18 мектеп салынатын болды. Оның 14-і биылғы жылдан бастап өз құрылысын бастап кетті. Жоба аясында қосымша 2 апатты және 3 үш ауысымды мектептің мәселесі өз шешімін табады. Ол заманауи, жайлы және сапасы мен жабдықталуы жағынан мүлдем жаңа мектеп болады.
***Анықтама үшін: Оның үшеуі 2000 орындық, біреуі 900 орындық, бесеуі 600 орындық, бесеуі 300 орындық.
Оған қоса жергілікті бюджет есебінен 5 270 орындық 22 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл аяғына дейін 1090 орынға 2 қосымша құрылыс және 3 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр (Маржанбұлақ 300 орын, Шалқар ауданында 2 мектеп 320+120 орын, №12 және №14 ОМ жапсарлас құрылысы).
ҚР Президентінің шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде 1000 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы 56 мектеп 1,1 млрд. теңгеге жаңғыртылды.
92 мектепке 158 жаңа модификациялық кабинет алынды. Нәтижесінде пәндік кабинетпен қамту 83%-ға жеткізіледі. 33 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
24 мемлекеттік және 6 жекеменшік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына 6932 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 %-ға жоғары. 700 студент кәсіпорындардың өтінімдеріне сәйкес нысаналы оқыту мемлекеттік тапсырысы бойынша оқытылуда.
Облыста колледждер базасында «Жас маман» бағдарлшамасы аясында жабдықталған 8 құзіреттілік орталығы жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы «WorldSkills» чемпионатына қатысушыларды дайындау және практикалық сабақтарды өткізуге арналған 2 құзіреттілік орталығы ашылды.