ЖАЛПЫ КОНКУРС

Байғанин аудандық білім бөлімінің басшысы, E-R-1 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының білім басқармасы

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат (лауазымдар тізіліміне сәйкес)

E-R-1 (Бөлімінің басшысы)

Лауазымдық жалақысы

142461 - 192366

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы (классификаторға сәйкес)

Білім (білім саласы), 

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы), 

Әлеуметтану, 

Психология, 

Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы), 

Жобаны басқару

Функционалды мәселелер

Аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасы білім туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етуге, осы мақсаттағы Республика Президенті Жарлықтарын, Республика Үкіметінің, өзі бағынатын салалық және территориялық құрылымдардың шешімдерін, бұйрықтарын, қаулыларын, ұсыныстарын, тапсырмаларын орындау. Анықтама, хабарлама, есеп және өз құзіретіндегі басқа да құжаттарды дайындау.

Пайдалы ақпарат

Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.08.202014.08.2020

Қажетті құжаттар

Құжаттарды жіберу

Байланыс үшін E-mail

g.esengalieva@aktobe.gov.kz

Сұхбаттасу күні

20.08.2020

Сұхбаттасу орны

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ, Ақтөбе қ. Әбілқайыр хан даңғылы, 40

Анықтама алу үшін байланыс

+7 (7132) 55-06-52, 56-00-70. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз

Дата публикации
05 августа 2020