«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров