2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 6756 орынға грант бөлінді.
Конкурсқа тапсыру құжаттары және оларды бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес жүргізілді.