«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі облыстық мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөнінде конкурс жариялайды

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты» КММ

Мекенжайы: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы, 74 С;

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

Мекенжайы: Ақтөбе қ., Қобландин көшесі, 2;

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ

Мекенжайы: Ақтөбе қ., ағ. Жұбановтар көшесі, 263;

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты» КММ

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Қурайлы т/а, Ы. Алтынсарин көшесі, 10 А

Қамқоршылық кеңестің құрамына кіреді:

1) білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері  - 2 адам;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері– 1 адам;

3) жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 2 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – 1 адам;

7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 2 адам.

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйек пен  19 қазан аралығында жоғарыда аталған білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі№355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда басып шығарылды)  9-тармағына сәйкес үміткерлер төмендегідей құжаттарды g.bakieva@aktobe.gov.kz электронды поштасына  жолдауы қажет: 

  • Өтінім (еркін түрде);
  • Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсына алады.

Байланыс телефондары:

8  777  032 50 01;

8 702 240 40 83;

8 702 855 05 85;

8 705 323 93 74



Дата публикации
29 сентября 2023