Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 тамыздағы «Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» № 230 қаулысына баспа релиз

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 19)-тармақшасына, «Мемлекеттік атаулы көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 77 тармағына сәйкес облыстық білім басқармасымен барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланған. Тамақтануға өтемақы төлеуге арналған шығыстар облыстық бюджет қаражаты есебінен көзделген.

Дата публикации
07 сентября 2023