Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.08.2023 жылғы «Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» № 221 қаулысына БАСПА РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 19)-тармақшасына, «Мемлекеттік атаулы көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 77 тармағына сәйкес, облыстық білім басқармасымен мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы балаларды  тамақтандыру құнының 100%  мөлшерінде азық-түлік шығындарын өтеумен тамақтандыру көзделді.

Тамақтануға арналған шығыстар облыстық бюджет қаражаты есебінен көзделген.

Дата публикации
25 августа 2023