Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.08.2023 жылғы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 222 қаулысына баспа-релиз

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-1) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына  сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті бюджеттен бөлінетін грант саны – 80. Білім саласына – 18, өнер мамандықтарына – 3, дін саласына – 10, құрылыс саласына – 4, әлеуметтік қызмет саласына – 2, медицина саласына (резидентураға) – 43 орынға тапсырыс берілді.

 

 

Дата публикации
25 августа 2023