Ақтөбе облысы әкімдігінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулы жобасы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жоспарланып отыр. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті бюджеттен бөлінетін грант саны – 80. Бакалавриат бойынша: білім саласына – 30, өнер саласына – 9, ветеринария мен ауыл, орман шаруашылық салаларына – 15, дін тану бойынша – 4, құрылыс саласына – 4 және медициналық мамандықтарға – 18 орын

Дата публикации
01 июля 2020