Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе облысының әкімі                                                         Е. Тоғжанов

Жоба ұсынушы:                                                                                        

«Ақтөбе облысының білім

басқармасы» ММ басшысы                                                                Ж. Сұлтан

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 августа 2023