О противодействии коррупции

Облыстық білім басқармасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1147 қаулысымен бекітілген түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты төмендегіні хабарлайды.

         2023 жылдың 16 ақпанында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жиын өткізілді. Аталған жиынға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, білім басқармасының, білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған ауқымды семинар өткізілді. Аталған семинарда білім саласында, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы айтылып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жадынамалары таратылды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлесуімен кеңейтілген отырыс өткізілді. Аталған отырысқа қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Отырыс барысында білім саласындағы орын алған сыбайлас жемқорлық көріністері талқыланды. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілуі туралы қатаң ескертілді. Сондай-ақ  Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі орта білім беру саласын қаржыландыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен талдау жүргізетіндігі ескертілді. Кеңейтілген отырыста алдағы уақытта облыстық білім басқармалары жанынан бағынысты білім беру ұйымдарына қаржылық бақылау жүргізу мақсатында құрылымдық бөлімше құру туралы ұсыныс берілді. Қазіргі таңда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен білім басқармасының «Ақтөбе облысындағы білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын игеруі саласындағы Ақтөбе облысының білім басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» бірлескен бұйрық шығарылды. Аталған бұйрыққа сәйкес сыртқы талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ әр білім беру ұйымдарының ресми сайттары және әлеуметтік желілері арқылы сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 CALL-орталығының телефоны туралы ақпараттық жұмысты жандандыру және осындай ақпараттық парақшаны барлық білім беру ұйымдарының ғимараттарында орналастыру жұмыстары да тиісті деңгейде қамтамасыз етілуде.

         Алдағы уақытта білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның орын алмауына бағытталған жүйелі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қатаң ескертілді.

          

 

 

Дата публикации
12 июня 2023