«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі бос басшы лауазымына конкурс жариялайды

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы» МКҚК-нің басшысы

Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, И.Тургенев көшесі, 86

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;

«үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;

Конкурстың өткізілетін орны: «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.04.2023-17.04.2023 ж. аралығы

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

штаттық кестені анықтайды және бекітеді;

даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;

бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

 оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;

республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;

қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;

компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;

педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;

өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;

әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;

есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Басқарманың ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, «Ақтөбе облысының білім  басқармасы» ММ-не  мына мекен-жайға  тапсыруы қажет: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 540 кабинет. «Ақтөбе облысының білім  басқармасы» ММ. Анықтама телефоны: 56 85 39, 56 85 40. e-mail: a.khasen@aktobe.gov.kz

Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ

Дата публикации
31 марта 2023