Ақтөбе облысында статистикалық деректерге сәйкес 43 колледж бар, 41 колледж жұмыс жасауда, оның ішінде 26 колледж мемлекеттік, 15 жеке болып келеді.
Мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жұмыстары жүргізіледі.
Нарық қажеттілігін және оқу орындарының мүмкіндіктерін ескере отыра Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 384 қаулысымен 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» құқықтық акт бекітілді.
Қазіргі таңда айлық есептік көрсеткіш көлемінің ұлғаюына байланысты аталған қаулыға өзгеріс енгізілу жоспарлануда.