Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарландыру

МКҚК «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» әкімшілігі Қамқоршылық кеңес құру туралы және оның құрамы бойынша ұсыныстар  қабылдайтындығын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері,  жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері,  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар, білім алушылардың ата-аналар немесе заңды өкілдері шақырылады.

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы) сәйкес ұсыныстар қабылданады.

Ұсыныстарды қабылдау  хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.

Байланыс телефондары:                                                   

Қабылдау бөлмесі тел/факс : 8(7132) 56-02-30

Колледж директоры: Алишева Жанара Куандыковна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жиенкулова Гүлбарша Шарапиевна: 8(705)9878657

Электронды пошта: aktobe_agk @mail.ru

Дата публикации
17 января 2023