Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде «М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты» КММ Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды.
Ұсыныстар 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Ұсыныстарды aktdaryn@mail.ru немесе si_kusainova@mail.ru электронды поштасына ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін жолдауларыңыз сұралады.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 211073, 8 702 240 40 83
Ескерту: өтініш үлгісі қосымша жалғанады.