«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ауқымында «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысының байланыс және электротехника колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысының көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын біріктіру жолымен «Ақтөбе облысының көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарау жөніндегі баламалы ұсыныстарын білдіруге сұраныс жасайтындығын хабарлайды.
Кәсіпорын қызметінің мәні – мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарымен реттелетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
Ұсыныстар мына мекенжай бойынша қабылданады. Мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе облысы білім басқармасы» ММ-сі, Әбілқайыр даңғылы, 40, 539,т. 981117. e-mail: a.almatova@aktobe.gov.kz.