2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімдігінің 01.06.2022 жылғы №173-ө "Білім саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырыстары жөніндегі комиссиялар туралы" өкімімен өңірлік комиссияның құрамы бекітілді.

         "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар жасақталған.

         Конкурсқа қатысуға меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жіберіледі.

         Білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық білім беру ұйымдары 2022 жылғы 9- 10 маусым күндері Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" бөлімдері, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. арқылы құжаттар топтамасын ұсынуы тиіс.

         Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығының 3-қосымшасы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Дата публикации
03 июня 2022