Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

2021-2022 оқу жылында облыста 405 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 401-і жалпы орта білім беретін мектеп, 4-і облыстық мектеп-интернаттар.

360 мектепте (90%) ыстық тамақ, 1 мектепте (0,3%) тегін буфеттік тамақтану ұйымдастырылды. 318 мектепте (88,3%) - оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыруды жалға алушылар жүзеге асырады, 42-де (11,7%) штаттық аспазшылар ұйымдастырады.

 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес тегін ыстық тамақпен 15 165 жеке санаттағы отбасы бала, оның 15 154 (99,9%) тегін ыстық тамақпен, 11 бала (0,1%) тегін буфеттік тамақпен қамтылуда.

Сапалы тамақтану қызметін жақсарту мәселесі мектептік бракераж комиссиялары мен тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия тарапынан бақылау жолымен шешіледі. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері енгізілген. Тамақтандырудын ұйымдастыруын бақылау бракераж комиссиясының жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі. Тамақтану мониторингінің қорытындылары бойынша актілер мен хаттамалар толтырылады. Әрі қарай тамақтану мәселелері педагогикалық кеңестерде қарастырылады.

Бұдан басқа, облыс мектептерінде тамақтануды ұйымдастыру мониторингін жыл сайын облыстық білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері жанында жұмыс істейтін жұмыс тобы мен ведомствоаралық сараптамалық топтар жүргізеді. Мұндай топтардың құрамына мәслихат депутаттары, саяси партиялардың өкілдері, ата-аналар мен білім беру және денсаулық сақтау басқармасының мамандары кіреді. Оның қорытындысы облыс әкімі аппараты кеңесінде, облыстық білім басқармасының алқа-жиынында, аппараттық кеңесінде қаралады. Облыста тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау бойынша 14 ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды (13- қалалық және аудандық,1- облыстық).

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік көмек көрсетуге және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясат барлық аудандар мен Ақтөбе қаласы үшін 1 балаға күніне 507 теңгеге дейін тегін ыстық тамақты қаржыландырудың бірыңғай сомасын бекітуге мүмкіндік берді.

Дата публикации
15 февраля 2022