Ақтөбе облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін айына 1 балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру есебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» № 597 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Ата-ананың айына төленетін төлемінің көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген тамақтану мөлшеріне сәйкес анықталды. Негізгі азық-түлік тауарларына бағалар ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика Бюросының деректері бойынша алынды.