Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №377 «2021-2022 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

Ақтөбе облысында статистикалық деректерге сәйкес 43 колледж бар, 41 колледж жұмыс жасауда, оның ішінде 26 колледж мемлекеттік, 15 жеке болып келеді.

Мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жұмыстары жүргізіледі.

Нарық қажеттілігін және оқу орындарының мүмкіндіктерін ескере отыра Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы № 377 қаулысымен 2021-2022 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»  құқықтық акт бекітілді.

Қазіргі таңда айлық есептік көрсеткіш көлемінің ұлғаюына байланысты аталған қаулыға өзгеріс енгізілу жоспарлануда.

Дата публикации
24 января 2022