«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2021 жылғы 3 тоқсандағы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға ауданда мемлекеттік қызметтің 34 түрі көрсетіледі.

2021 жылдың 3 тоқсанында Ақтөбе облысының білім басқармасымен (ведомстволық бағынысты ұйымдар, Ақтөбе қаласының және аудандардың білім бөлімдері, білім беру мекемелері) 3 тоқсанда 75483 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз нысанда көрсетеді, бірақ «электрондық үкіметтің» және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның веб-порталы арқылы көрсетілуі мүмкін, барлығы, оның ішінде қызмет түрлері бойынша: - 48900;
  • қағаз түрінде – 301;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 904;
  • Ақпараттық жүйелер арқылы – 25378

Динамикаға сай ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау- 3420 қызмет;
  • Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау-5457 қызмет;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау-8247 қызмет.

Ақтөбе қаласы мен аудандарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету.

Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданында және бағынысты білім беру ұйымдарында 21 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
30 ноября 2021