Облыс әкімдігінің «Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржыландырылуы туралы» қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қағидаларының 2-тармағына  сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі «тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының үздіксіз толық қаржыландырылуын сақтау туралы қаулы қабылдау жоспарлануда.

Дата публикации
11 мая 2021