Облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасының    2007   жылғы   27   шілдедегі   «Білім туралы»    Заңының 6-бабы 2-тармағының 19-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» бұйрығына сәйкес «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ облыстың мектепке дейінгі ұйымдарына атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға шығыстарды ішінара өтей отырып, жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарланған.

Тамақтануға ішінара өтемақы төлеуге арналған шығыстар облыстық бюджет қаражаты есебінен көзделген.

 

Дата публикации
11 мая 2021