Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржыландырылуы туралы

 

ЖОБА

 

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде
карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын
әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысының қаржыландырылуы туралы

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қағидаларының 2-тармағына  сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының үздіксіз толық қаржыландырылуы сақталсын.

2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                    О.Оразалин

 

Дата публикации
04 мая 2021