ЖОБА
Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген
санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» 8 бабының, 4-1 тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарына атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға шығыстарды ішінара өтей отырып, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырсын.
- Тамақтануға ішінара өтемақы төлеуге арналған шығыстар облыстық бюджет қаражаты есебінен көзделсін.
- «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
- 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
- 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин