ЖОБА
Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 19-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
3) көп балалы отбасылардың балаларына;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин