Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған позиция

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымды өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

 

Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары

Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары ЭЦҚ үшінші тұлғаларға, атап айтқанда есепшілеріне беру фактілері жиіледі. Осы себептен соңғы 3 жылда бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Заңнама талаптары:

640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу

            5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2025 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енген тармақ:

6. Басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілтін пайдалану –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

            ЭЦҚ заңсыз беру (2025ж):

            Лауазымды тұлғаларға – 15 АЕК (58 980 теңге);

            ЭЦҚ пайдалану:

            Лауазымды тұлғаларға – 100 АЕК (393 200 теңге);

Соңғы уақытта білім бөлімінің, білім беру ұйымдарының басшылары үшінші тұлғаға ЭЦҚ беру фактілері жиіледі.

 

2023-2024 жылдары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ақтөбе облысы бойынша департаментімен №55 мектептің бұрынғы бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, Б.Т.Таженов 413 822 951,84 тенге бюджет қаражатын жымқырып, Ақтөбе қаласының № 2 сотының 2024 жылдың 22 ақпандағы үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе қаласының № 2 сотының 2024 жылдың 5 маусымындағы үкімімен Ақтөбе қаласының № 55 мектебінің бұрынғы директоры А.Т.Қасымова 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылдың 22 ақпанында Ақтөбе қаласының № 2 сотының сот залында Ақтөбе қаласының білім бөлімінің № 48 орта мектептің бұрынғы бухгалтері Б.Таженовтің үкімін облыс аумағындағы барлық мектеп директорлары мен есепшілері алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, ақша жымқыруды түбегейлі жою мақсатында онлайн форматта тыңдады.

Ақтөбе қаласының білім бөлімінің № 48 жалпы орта білім беретін мектебінің бұрынғы есепшісі Г.Избағамбетовке қатысты Ақтөбе облысының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, Ақтөбе қаласының № 2 сотының 2024 жылғы 24 қазандағы үкімімен                        6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Шалқар ауданының білім бөліміне бағынысты  № 5 мектебінің бухгалтері К.Абдикаримоваға қатысты  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ақтөбе облысы бойынша департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, Шалқар ауданының сотымен үкім шығарылды.

Мұғалжар ауданының білім бөліміне бағынысты «Гүлдер», «Балауса» балабақшаларының бұрынғы бухгалтері К.Курманбаеваға қатысты Ақтөбе облысы қаржылық тергеп-тексеру  департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, Мұғалжар ауданының сотының                            2024 жылдың 6 қарашадағы үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе облысының білім басқармасына бағынысты Жайсаң арнайы білім беру ұйымының директоры және бухгалтері Ақтөбе облысы қаржылық тергеп-тексеру  департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, Мәртөк ауданының сотының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы үкімімен бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалды.

 Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бас маманы Б.Охаповаға қатысты ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ақтөбе облысы бойынша департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен аталған тұлғаға 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Орта

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы