
Облыста 9867 білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді. Ерекше балалардың білім берумен және тәрбиелеумен қамтылу жағдайы:
- 4 арнайы балабақшада – 564 бала;
- 4 арнайы мектепте - 616 бала;
- 98 инклюзивті балабақшада - 1130 бала;
- 299 инклюзивті мектептерде - 3450 бала;
- 17 колледжде - 162 бала;
- 487 бала үйден білім алуда;
-512 денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жеке ұйымдарда. Сонымен бірге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (есепте 9867 бала), 16 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (2728 бала), 1 аутизм орталығы (348 бала) ерекше балаларға түзетім көмек көрсетуде және 1 оңалту орталығы (бір жылда 120 бала).
Облыста 3-6 жас аралығында 2582 ерекше бала тіркелген. Мектепке дейінгі мекемелерде 1753 ерекше бала білім мен тәрбие алады. Дегенмен облыс бойынша 829 бала қамтылмаған. Арнайы балабақшаларға кезекке тіркелген балалардың санын азайту үшін осы оқу жылында балабақшаларда 6 арнайы топ ашылып, 72 ерекше бала қамтылатын болады. Сонымен бірге, алдағы уақытта Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 25 топтық арнайы балабақша ашу жоспарланып отыр.