
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 40 колледж бар, оның 16-сы жекеменшік. 2025-2026 оқу жылында студенттер саны 30079 адамды құрайды. Күндізгі бөлімдегі студенттер контингенті 28238 адамды құрайды (оның 21002-сі мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды). Бітірушілер саны 8463 адам, оның 5495-і мемлекеттік тапсырыс бойынша. Жұмыспен қамту деңгейі 88,6% (қаңтар айындағы жағдай бойынша). 7407 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Оның ішінде кәсіпорындардың сұранысы бойынша 743 студент мақсатты оқуға түсті. Оқыту 95 мамандық және 147 біліктілік бойынша жүргізіледі. Кадрлық әлеует 2249 мұғалімді құрайды. 28 колледжде дуалды оқыту жүйесінің элементтері енгізілген. Мамандарды даярлау 64 мамандық бойынша 7302 студентпен көлік, медицина , тамақтану саласы, құрылыс, қызмет көрсету, энергетика және байланыс салаларында жүргізіледі. 1486 кәсіпорынмен 7302 келісім-шарттар жасалып, оның аясында түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен өндірістік тәжірибеден өтуде. Колледждерге білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімін анықтауда академиялық дербестік берілді. Бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес биылғы жылы техникалық мамандықтар, білім беру, медицина, IT, ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінетін орындар саны артты. Нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары да жүргізілуде. Арнайы пәндерді оқытуға өндірістен 89 маман тартылды.