
Облыста 428 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 403 мемлекеттік (контингент – 167 628 оқушы), 19 – жекеменшік (11358), 2 – кешкі (93), 4 – арнайы (582). Олардан басқа 1 спорт жүйесі мектебі (246 оқушы) және Назарбаев Зияткерлік мектебі (850) жұмыс істейді. Облыстағы 428 мектептің 281-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл мектептердің жалпы санының 65,6% құрайды, онда 45 767 бала оқиды. 201 мектеп - шағын жинақталған.
Шағын жинақты мектептерін қолдау мақсатында елімізде алғаш рет қолға алынған теңдесі жоқ ірі жоба Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулы, бұйрығына сәйкес (министр бұйрығы 14.07.2023 ж. №211, әкімдік қаулысы 24.07.2023 жылғы №188) «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы жаңа 2023/2024 оқу жылында бастау алды. Жаңа жобаға 6 өңір (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) енгізілген. Соның ішінде 146 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту тек біздің облыста ғана жүзеге асырылады. Ол үшін «Қазақстан халқына қоры» ҚҚ, «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» тарапынан 5 млрд. теңге қаражат бөлінді. 12 ауданда 12 тірек мектебі барлық пәндер бойынша оқу жабдықтарымен, қосымша білім беру, шығармашылықты дамыту мақсатындағы студиялар толық жабдықталды. Онлайн сабақтар, робототехника, физика, химия, биология, математика сабақтары үшін 134 шағын жинақты мектеп цифрлық кабинеттермен жабдықталуда (80 оқушыға дейін 113 мектеп - 1 кабинет, 80 оқушыдан жоғары 21 мектепте - 2 кабинет жабдықталады). Осы жоба аясында 1 қыркүйектен бастап 12 тірек мектебі 134 шағын жинақты мектеп және тағы қосымша интернеті жақсарған 21 мектеп оқушыларына онлайн сабақтар оқытыла бастады. Нәтижесінде сабақ беретін ұстаздар қатары 35-тен 168-ге дейін, оқушы саны 4510-нан 5406-ға артты. Әрі сабақ беруге тек қала мектептері ғана емес, ауыл және шағын жинақты мектеп мұғалімдері де тартылды. 12 тірек мектебінде 8304 оқушыға уақыт талабына сай жабдықталған оқу кабинеттерінде білім алуға жағдай жасалды. 281 ауыл мектебінде интернет жылдамдығын жақсарту үшін 448 млн. теңге бөлінді. Жобаға қатысатын педагогтерді ынталандыру мақсатында лауазымдық айлықақыларына 15% ынталандыру үстемеақы белгіленді.
Сапалы білім беру үшін жағдай жасау
Облыста 428 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 403 мемлекеттік (контингент – 167 628 оқушы), 19 – жекеменшік (11358), 2 – кешкі (93), 4 – арнайы (582),
Олардан басқа 1 спорт жүйесі мектебі (246 оқушы) және Назарбаев Зияткерлік мектебі (850) жұмыс істейді.
Облыстағы 428 мектептің 281-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл мектептердің жалпы санының 65,6% құрайды, онда 45 767 бала оқиды. 201 мектеп - шағын жинақталған.
Білім беру ұйымдарын интернетпен қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда 403 мектептің 388-і (96,3%) оқушы санына қарай 20-200 Мбит/с талшықты-оптикалық және радиорелелік байланыс түріндегі интернет желісіне қосылса, 15 мектеп провайдерлердің техникалық мүмкіндігі болмауы салдарынан 8 Мбит/с спутниктік интернет желісіне қосылған.
Дарынды балалармен жұмыс
Жалпы облыста дарынды жастарды қолдаудың өзіндік тетігі қалыптасып, дарынды балалармен жұмыс жақсы жолға қойылған.
Облыс оқушылары жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми байқауларда, шығармашылық байқауларда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өткен жылы облыс намысын түрлі олимпиадалар мен байқауларға қатысқан қатысушылардың 60 пайызы жеңімпаз атанды.
2023 жылы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 312 оқушы қатысып, 188 оқушы жеңімпаз (27 алтын, 62 күміс және 99 қола медаль) атанды.
Ақтөбелік оқушылар жыл сайын жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиадаларда жеңімпаздар қатарында.
Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадаларда облыс командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Халықаралық зерттеудің нәтижелері
2023 жылғы 5 желтоқсанда 2022 жылы өткен PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы белгілі болды. PISA зерттеуі – білім сапасын бағалаудың ең маңызды халықаралық құралы. Бұл зерттеуге әрбір ел өзінің қазіргі ұлттық білім беру жүйесі мен қабылданған стратегиялары жақын болашақтағы ғылыми-техникалық серпілістерге, болашақта жалпы тұрақтылық пен қоғамның әл-ауқатына қаншалықты ықпал ететінін түсіну үшін қатысады. PISA - білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтайды, әр 3 жыл сайын өткізіледі. Қазақстан бұл зерттеуге алғашқы рет 2009 жылы қатысқан.
Осы жылы Қазақстан 81 елдің ішінен алғаш рет Топ-50 елдің қатарына кірді.
Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының алғашқы мәліметтері бойынша еліміздің 2022 жылғы көрсеткіштері 2018 жылмен салыстырғанда 2 бағыт бойынша жоғарылаған: математикалық сауаттылықтан +2 балл, ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтан +26 баллға, оқу сауаттылығынан айырмашылық жоқ.
Біздің облыстың көрсеткіштері 2018 жылмен салыстырғанда 3 бағытта да жоғарылаған. Әсіресе өсім жаратылыстану мен математикадан байқалады. Математикадан облыстар кесіндісіндегі позициямыз де артқан, үздік 5-тікке кіреміз.
Бұл зерттеуге кездейсоқ таңдаумен 32 білім беру ұйымы қатысты: 26 мектеп пен 6 колледж. 26 мектептің 10 (38,5%) – ауыл мектептері.