
2025 жылы облыста мектепке дейінгі ұйымдарда 2 747 жаңа орын құрылды, оның ішінде 2 541 орын жаңа нысандарды ашу есебінен және 206 қосымша орын жұмыс істеп тұрған балабақшаларда ашылды.
Енгізілген орындардың жалпы санынан 2 390 орын жеке инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді, бұл кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейін және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінің тиімді іске асырылып жатқанын көрсетеді. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдарда орын енгізу бойынша жоспарлы көрсеткіштер толық көлемде орындалды.
Жыл ішінде 34 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның 32-сі жекеменшік. Оның ішінде Ақтөбе қаласында 1 565 орындық 24 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2 мемлекеттік ұйым ашылды: Ақтөбе қаласында 136 орындық арнайы (түзету) балабақша және Мұғалжар ауданында 15 орындық шағын орталық. Сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданындағы жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 206 орын құрылды.
Өткен жылмен салыстырғанда облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 24 бірлікке артты. Сонымен қатар, 10 ұйым жабылды, олардың басым бөлігі қысқа мерзімді топтары бар шағын орталықтар мен жекеменшік балабақшалар. Жабылудың негізгі себебі – мектепке дейінгі жастағы балалар контингентінің азаюы.
Жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу кезекті айтарлықтай қысқартуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Қабылданған шаралар балаларды қамту деңгейінің өсуіне, мемлекеттік білім беру тапсырысын неғұрлым икемді бөлуге және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етті.
Бүгінгі күні облыста 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту деңгейі 90,4%-ды, 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар — 95,2%-ды, ал 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар — 100%-ды құрайды.
2023–2025 жылдардың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы байқалады.
Қамту көрсеткіштерінің жоғары деңгейі облыстың көптеген аудандарында барлық жас топтары бойынша тіркелген. Атап айтқанда, Ырғыз ауданында қамту деңгейі: 1–6 жас — 97,3%, 2–6 жас — 99,8%, 3–6 жас — 100%; Байғанин ауданында — тиісінше 97,3%, 99,3% және 100%; Мәртөк ауданында — 97,4%, 99,5% және 100%; Шалқар ауданында — 94,6%, 99,4% және 100%. Аталған аудандарда көрсеткіштер тұрақты түрде ең жоғары деңгейге жақындауда.
Жалпы облыс бойынша оң динамика сақталуда: аудандардың басым бөлігі 97–99% аралығындағы қамту деңгейін көрсетуде, бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсіп келеді.
Ең төмен қамту деңгейі Ақтөбе қаласында байқалады — 87,6% (1–6 жас аралығында). Бұл ретте 2025 жылы құрылған барлық жаңа орындардың 67,7%-ы дәл осы Ақтөбе қаласына тиесілі. Аталған жағдай мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығының сақталып отырғанын және қосымша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.
Осыған байланысты келесі бағыттар басым болып айқындалды:
– мемлекеттік балабақшалар желісін кеңейту, әсіресе халық тығыз орналасқан және жаңа тұрғын алаптарда;
– мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жекеменшік секторды белсенді тарту;
– мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін дамыту;
– халықтың барлық санаттағы балалары үшін сапалы мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Балаларды қамтуды арттыру бойынша жұмыс жалғасуда: демографиялық өсім мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа мектепке дейінгі ұйымдар мен қосымша топтар ашу, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ұйымдар базасында жүзеге асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуы туралы АҚПАРАТ 2026 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша
Қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 47 407 баланы қамтитын 646 ұйымды құрайды. Оның ішінде 380-і мемлекеттік (58,8%), оның ішінде 231 балабақша және 149 шағын орталық бар, онда 24 521 бала тәрбиеленуде (52,1%). Сонымен қатар 266 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (41,1%) жұмыс істейді, оларда 22 886 бала тәрбиеленуде (48,2%).
2025 жылы облыста 2 747 орынға арналған 34 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 32-сі жеке инвестициялар есебінен (2 390 орын) және 2 мемлекеттік ұйым 151 орынға ашылды.
2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында 810 орынға арналған 9 жекеменшік балабақша ашылды. Барлық 266 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 22 301 балаға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын кезең-кезеңімен енгізу кестесіне сәйкес, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Ақтөбе қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың жаңа моделі іске асырылуда.
Бұл процесс мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ететін және ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымды еркін таңдауға мүмкіндік беретін DaraBala бірыңғай білім беру порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні пилоттық жобаға 250 балабақша енгізілген, оның ішінде 47-сі мемлекеттік және 203-і жекеменшік. Ваучерлік қаржыландырумен қамту 26 621 Ақтөбе қаласының баласын құрайды.
Ваучерлік қаржыландыруды енгізу аясында 21 санат бойынша ваучер алу кезегінде 9 574 бала тұр, оның ішінде 5 592-сі — 1 жасқа дейінгі балалар.
Жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және ваучерлік қаржыландыруды енгізу кезекті айтарлықтай қысқартуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Қабылданған шаралар балаларды қамтудың өсуіне ықпал етіп, мемлекеттік білім беру тапсырысын икемді бөлуге және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда облыста 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту деңгейі 90,4%-ды, 2 жастан 6 жасқа дейін — 95,2%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейін — 100%-ды құрайды.
Облыстағы 646 мектепке дейінгі ұйымда 5 017 педагог тәрбие-білім беру қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде 3 118-і мемлекеттік ұйымдарда (62,1%) және 1 899-ы жекеменшік ұйымдарда (37,9%).
Педагогтардың жалпы санынан 5 009-ы (99,8%) педагогикалық білімге ие, оның ішінде 2 669-ы (53,3%) жоғары педагогикалық білімді, 2 340-ы (46,7%) техникалық және кәсіптік педагогикалық білімді.
5 017 педагогтың 4 240-ы — меңгерушілер, әдіскерлер және тәрбиешілер, олардың ішінде 3 886-сы (91,6%) мектепке дейінгі бағыттағы бейіндік білімге ие.
Жаңа форматтағы біліктілік санаттары 2 432 педагогта бар, бұл жалпы санның 48,5%-ын құрайды.
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында «IT-балабақша», «Жасыл балабақша» пилоттық жобалары, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіби бағдарлау жобалары табысты іске асырылуда.
Ата-аналарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында 616 консультациялық пункт жұмыс істейді.
Жалпы алғанда іске асырылып жатқан шаралар облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жүйелі дамуын қамтамасыз етеді, оның қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.