
Ағымдағы жылдың 27 наурызында аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Әмидан Света Тұрлыбайқызы мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралар, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар және Әдеп кодексінің талаптары мен шектеулер жөнінде, сонымен бірге бағалау жүйесінің жаңа әдістемесіне қатысты мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.