Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктердің, темекі бұйымдарын сатуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылғы 11-14 тамыз аралығында Байғанин аудан аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары, білім бөлімі қызметкерлерімен бірге аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар ұйымдастырып жұмыстар жүргізді.