Меню

Страницы

Статья

Комиссияның 2021 жылдың жартыжылдығында жасаған жұмысы туралы

Комиссияның 2021 жылдың жартыжылдығында жасаған жұмысы туралы

 2021жылдың 6 айы ішінде комиссияның 13 рет отырысы болып, онда 29 мәселе қаралды (жоспар бойынша-12, ұсыныс полиция бөлімінен-11, білім бөлімінен-3, прокуратураның ұсынысы-2, облыстық комиссия тапсырмасы-1)

Комиссия қаулысымен  полиция бөлімінің 11 ұсынысы бойынша  «жағдайсыз жанұя» есебіне-8 отбасы, 1 кәмелетке толмаған профилактикалық есепке алынды. 1 азаматшаны ҚР ӘҚБтК 127-бабының 2-тармағы бойынша шара қолдану ұсынылып, орындалды. 1 азаматша бойынша қалалық комиссияға ұсыныс жолданды.  Алайда аталған азаматшаға  байланысты тәртіптік мәселе  полиция бөлімі тарапынан шешілуіне байланысты, қалалық комиссияға ұсыныстың қаралуын тоқтату туралы хат жолданды.

Комиссия қаулысымен  ағымдағы жылы өткізілген отырыстарда барлығы - 44 хаттамалық тапсырма берілген.

Қазіргі таңда полиция бөлімінің профилактикалық есебінде 3 жасөспірім  мен 12 отбасы (онда 28 бала бар) тұр. Аудан бойынша 27 баланың өз ата-анасынан тыс, ағайындарының қолында тәрбиеленетіндігі және өгей әкемен 31, өгей анамен 8 баланың тәрбиеленіп жатқаны анықталды. Және бұл мәселе бойынша отырыстарда қаралып, тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілді.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 19-6 бабы 2 тармақшасы негізінде  «қолайсыз отбасы» санаты бойынша есепте тұрған отбасылардың медициналық-әлеуметтік есебі жасалынды.  

Аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұратын кәмелетке толмаған балалар мен қолайсыз отбасы балаларын жазғы демалыс кезеңінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында (15 оқушы лагерьмен, спорттық шарамен, 7 кәмелетке толмағанды жұмыспен қамту үшін) лагерьмен, спорттық шаралармен және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін қарау үшін тиісті бөлім басшыларына (білім, дене шынықтыру және спорт, Темірқазық аула клубы, Жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және ауылдық округтерге) хат жолданды. Бүгінгі күнге Қарауылкелді ауылдық округі бойынша 2 жасөспірімнің «Жасыл ел» бағдарламасына алынғандығы, Сартоғай ауылдық округі бойынша ұсынылған жасөспірімнің ата-анасының баласына «Жасыл ел» бағдарламасынан бас тартқандығы жөнінде (қолхаты бар) ақпарат түсті.

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
2026 жылғы 1 қазанына Байғанин ауданының бюджетінің орындалуы
13 октября 2026
10 сентября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйегіне Байғанин ауданының бюджетінің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы