Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Қ.О.Отаровтың «Ауданның 2020 жылдағы әлеуметтік–экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру ТЕЗИСТЕРІ

Аудан әкімі Қ.О.Отаровтың «Ауданның 2020 жылдағы әлеуметтік–экономикалық даму қорытындылары және  2021 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру ТЕЗИСТЕРІ

Байғанин ауданының экономикалық дамуы 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері төмендегідей болды

2020 жылдың  қорытындысы  бойынша  өнеркәсіптен басқа барлық әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштер бойынша  100 пайыздан кем  емес өсім қалыптасты.

  • жылға арналған міндеттер:
  • Өнеркәсіп өнімі  көлемін 151,0 млрд  теңгеге жеткізу;
  • Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін  5,7 млрд  теңгеге жеткізу;
  • Аудан экономикасына 50 млрд теңгеге инвестиция тарту;
  • Бөлшек сауда көлемін 1,8 млрд теңгеге жеткізу;
  • Шағын орта бизнес субъект санын 1492 бірлікке жеткізу;
  • Ауыл шаруашылығы өнімін 19 млрд теңгеге жеткізу;
  • Құрылыс көлемін 8 млрд теңгеге жеткізу;
  • Пайдалануға берілетін тұрғын-үй көлемін  14 100  шаршы метрге  жеткізу.

Бюджет

Аудандық бюджеттің кірісі 4 597,0 млн теңгеге немесе 104,2  пайызға орындалды.  Бюджеттің шығысының игерілуі 99,9 % болды.

Шағын және орта бизнес

Аудан бойынша тіркелген  кәсіпкерлік субьектілер саны 1392 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары  1377 бірлік. Өткен жылғы қорытынды көрсеткіштерімен салыстырғанда ШОБ субьектілерінің саны 142 бірлікке, оның ішінде  жұмыс жасайтындар саны 145 бірлікке өсті.

2021 жылға арналған міндеттер:

- Шағын және орта бизнеспен айналысатындар санын 100 бірлікке ұлғайту;

- Ауданда кәсіпкерлік қамтылмай отырған салалар кемпинг, жылыжай салу, елді мекендерден шаштараз, наубайханалар ашу;

- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 5 жобаны жүзеге асыру; 

- 240 млн теңгеге 8 инвестициялық жобаны (1 көлік жуу бекеті, 1 жанар-жағар май бекеті, 3 сауда дүкені, 1 супермаркет, 1 қонақ үй, 1-тойхана) жүзеге асыру.

Ауыл шаруашылығы

Жалпы   өндірілген  өнім   көлемі 16,0 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105,4 % құрады.

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Аудан аумағындағы екі елді мекеннен ауыл тұрғындарының және шаруа қожалықтарының мал союға арналған алаңын ашу;
  • 2 ауылдық округтен мал бордақылау алаңын салу;
  • 2 сүт бағытындағы шаруа қожалығын құру;

Құрылыс және тұрғын үй құрылысы

2020 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі  30 442,1 млн.теңгені құрады немесе нақты көлемінің  индексі  109,4 %.

  • 10 602 шаршы метр  тұрғын үй немесе 80 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 120,5 пайыз;

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Жаңақұрылыс-1 көшесіндегі электр желілерінің құрылысы жүргізілді (31,2 млн теңге);

Жаңақұрылыс-4,5 көшелеріндегі су құбыры желілерінің құрылысына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді (28,5 млн теңге);

Аудандық бюджеттен:

-Барақ батыр көшесінен Бармақ батыр көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді (15,8 млн теңге);

-Барақ батыр көшесінен Т.Жармағамбетов көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді (2,8 млн теңге);

-Бұлақтыкөл ауылындағы Бұлақтыкөл орта мектебі газға қосылды;

-Қазақстан көшесіне электр желісі жүргізілді;

-Қарауылкелді ауылындағы Темір жол-3 көшесі газбен қамтамасыз етілді;

-Аудан орталығы Қарауылкелді ауылынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз қамтылған көп балалы 2 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2021 жылға арналған міндеттер:

-«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қарауылкелді ауылына 2 қатарлы 16 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын салу мен  оларға  инфрақұрылымдық желілер  жүргізу;

Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған нысандар:

-Қарауылкелді ауылына  әкімшілік ғимаратының құрылысын аяқтау;

-Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің аумағын абаттандыру;

-Қарауылкелді ауылы Қазақстан көшесін сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы;

-Қарауылкелді ауылы Теміржол-3 көшесін сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы;

- Қарауылкелді ауылының Асау батыр - Барақ батыр - Қазақстан көшесін  жарықтандыру;

-Болашақ тұрғын үй массиві электр желісін жүргізу  жұмысын бастау;

-Жаңақұрылыс-1 көшесіне газ құбыры желілерін жүргізу.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Жыл ішінде Қаражар елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен, Кемерши, Ноғайты, Жарлы елді мекендері көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Ауыз сумен қамтамасыз етілуі халық саны бойынша-82,1%, газбен қамтамасыз етілуі  - 72,6 % құрады.

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Алтай батыр, Көкбұлақ, Қосарал, Қораши және Қопа елді мекендерін  орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.

Көлік  инфрақұрылымы

Аудан территориясы арқылы  республикалық  маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолының 125 шақырымы өтеді.

2020 жыл ішінде:

- «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша   жыл ішінде Қарауылкелді ауылының  ауылішілік 2 автомобиль жолдарының  құрылыс жұмыстары  (М.Мәметова көшесіне – 122,4 млн теңге,   Барақ батыр көшесінен  Ақтөбе-Атырау тас жолына дейінгі  көшеге – 82,6 млн теңге) жүргізіліп, пайдалануға берілді.

- «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Қарауылкелді ауылының  ауыл ішілік  4 көшесіне  (Қ.Жазықов көшесі-45,2 млн теңге, С.Ешбаев көшесінен Асау батыр көшесіне дейін – 36,5 млн теңге, Ақтөбе- Атырау жолынан Барақ батыр көшесіне дейін (күрделі жөндеу)-139,9 млн теңге,   және  Переезд-2 27,4млн теңге көшелеріне) автомобиль жолдарына құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Қарауылкелді ауыл ішілік екі көшесіне (Ә.Молдағұлова (91,2 млн теңге және Ж.Айжарықов 140,4 млн теңге)  асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу.
  • Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының Қарауылкелді-Жарқамыс бағытындағы жолдың 2 участкесіне (Қарауылкелді-Жарқамыс 20-35 км, Қарауылкелді-Жарқамыс 35-50 км) және Қарауылкелді-Алтай батыр, Миялы, Оймауыт бағытындағы (0-31 км) жолға орташа жөндеу жұмыстарына  әзірленген ЖСҚ (жалпы құны 1 900,0 млн.тенге)  облыстық салалық басқармаға республика және облыстық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім  тапсырылды. Республика және облыстық бюджеттен қолдау тапқан жағдайда 2021-2022 жылдарда осы жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар

Есепті жылдың 12 айы ішінде ауданда төмендегі жұмыстар атқарылды:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1926 адамды  қамту жоспарланып, бағдарламаға жыл ішінде 2937 адам тартылды.

2021 жылға арналған міндеттер:

  • "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2021 жылға жұмыспен қамту шараларымен 1926 адамды  қамту жоспарланды. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) -740 адам жоспарланды.
  • Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерізімді кәсіптік оқумен 25 адам қамту; 
  • Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 73 адамға 286,0 млн.теңге шағын несие беру;
  • «Бастау-бизнес» жобасы бойынша «Атамекен» ҰКП арқылы кәсіпкерлік негізінде  60 адамды оқыту;
  • Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 200 АЕК көлемінде 40 адамға қайтарымсыз грант беру;
  • Бағдарламаның үшінші бағыты - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды жолдау;
  • Жастар бағдарламасына 135 адамға жолдама беру;
  • Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға 300 жұмыссыз адамды уақытша жұмыспен қамту;
  • 29 жасқа дейінгі 118 жасты Жасыл ел жасақтарымен қамту;

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша

2020 жылы 245 аз қамтылған отбасына (1360 адамға) жыл ішінде 64,2 млн теңге  атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалып, төленді.

Мүгедектерге көрсетілетін қызмет түрлері  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде «Е-Собес»  ақпараттық  жүйесі арқылы  жүргізіледі. 2020 жылы  мүгедектерді  оңалтудың  жеке бағдарламасы  бойынша  39 адам протез-ортопедиялық  көмекпен, 5 адам тифлотехникалық құралдармен, 9 адам сурдотехникалық құралдармен, 31 адам санаториялық-курорттық  жолдамалармен, 9 адам  кресло-арбалармен, 41 адам  гигиеналық  құралдармен, барлығы 134 адам қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

2021 жылға арналған міндеттер:

- 200 отбасына 126,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төлеу;

- 221 мүмкіндігі шектеулі азаматты мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы арқылы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

Білім беру

Аудан бойынша 23 мектеп, 2 қосымша білім беру және 15 балабақша жұмыс жасайды. 23 мектептің  20-сы орта, 2-уі негізгі және 1 бастауыш мектептер болып саналады. Оқушылар саны - 4650 құрайды, оларға  921 педагог кадрлар сабақ береді.

2 қосымша білім беретін мекемелерде - Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебі мен Шығармашылық үйінде  1398 оқушы үйірмеге қатысады. Оларға 27 педагог кадр сабақ береді.

15 балабақшада 995 бала тәрбиеленуде. Оларға 114 педагог кадр тәрбие береді.

2020 жылы атқарылған жұмыстар:

2021 жылға арналған міндеттер:

    - Оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету көрсеткішін 8 оқушыға 1 компьютерден 4 оқушыға 1 компьютерге дейін жеткізу;

   - №4 Қарауылкелді орта мектеп гимназиясы  базасында аспан астындағы  амфитеатр сахнасын жасау;

   - №4 Қарауылкелді орта мектеп гимназиясы  және Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп ғимараттарының жертөлесін жылыжайға айналдыру;

   - Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп ғимаратынан  мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ресурстық кабинет ашу;

   Облыстық бюджеттің қаржыландыру мүмкіндігіне қарай төмендегі жұмыстар атқарылады:

   - Қосарал ауылы Қосарал негізгі мектебін күрделі жөндеу;

   - Баршақұм орта мектебін күрделі жөндеу, спортзал құрылысы;

   - Алтай батыр ауылындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу;

   - С.Ешбаев атындағы және Қ.Жазықов атындағы орта мектептердегі жылыту қазандығын газға қосу;

Мәдениет

 Ауданда 22 кітапхана, 16 клуб, 1 музей жұмыс жасайды.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 және Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, сонымен қатар жергілікті ақын Есенбай Дүйсенбайұлының 80, Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықовтың 100 жылдық мерейтойлары, Алтын Орда мемлекетінің 750, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 25 жылдығы, Н.Байғаниннің 160, композитор Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойлары онлайн форматта  атап өтілді.

Аудандық мәдениет үйінде ҚР Мәдениет қайраткері, режиссер Қ.Мәуешовті еске алуға арналған «Театр – өнердің ұлы көші» атты драма үйірмелерінің аудандық фестивалі, А.Тәжібаева атындағы облыстық халық әндерін орындаушылар онлайн байқауы, «Ұлы дала әуендері» атты облыстық патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.

Ақын Жақсылық Айжановтың 70 жылдығына орай Жарқамыс ауылында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газетінің Байғанин ауданындағы «Жыр арқауы – жем-Сағыз» атты күндері өтті.

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30  жылдығы,  Жамбыл  Жабаевтың  175 жылдығы,  Бәкір  Тәжібаевтың  95  жылдығы,  Мұқағали  Мақатаевтың 90  жылдығы мерейтойларына орай барлық мәдениет мекемелерінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру;

Cпорт

Аудан бойынша  жыл ішінде 80 спорттық  іс-шаралар  өткізілді. Оған 3296 мың адамның  қатысуы қамтамасыз етілді.

Аудан тұрғындары, жастар және оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін  20 типтік жобадағы зал, 1 стадион, 79 қарапайым спорт алаңдары, 1 икемделген  спорт залдар  жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 31,5 пайызы немесе 7222 тұрғын жүйелі түрде спортпен айналысады.

- «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша аудан орталығынан Дене шынықтыру- сауықтыру спорт кешені құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді;

- Алтай батыр ауылында шағын әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді;

- Елбасының «Ұлы даланың  жеті қыры» бағдарламасы аясында   ұлттық құндылықтарымызды  дәріптеу  мақсатында Қарауылкелді, Оймауыт, Қопа, Жарлы, Қосарал  ауылдарында  көкпар, тайжарыс, аударыспақ,  жамбы ату  ойындарынан   ұлттық  спорттық жарыстар өткізілді.

 - Қарауылкелді ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (еденін ауыстыру, жылыту, электр желілерін ауыстыру, жалпы  құны 28,6  млн тенге).

2021 жылға арналған міндеттер:

- Ұлттық  спорт түрлерін дамыту  мақсатында спорттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру  жұмыстары  жүргізілетін болады. Атап айтқанда көкпар, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ,  атжарыстарын өткізу;

- Жарқамыс ауылына ангар үлгідегі футбол ғимаратын салу.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында  жүргізілген тиімді  мемлекеттік қолдаулардың  нәтижесінде  жыл ішінде әлеуметтік-маңызды аурулар көрсеткіштерінің оң динамикасы  байқалды.

Аудан тұрғындарына 48 төсектік «Байғанин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 7 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт дәрігерлік көмектер көрсетеді.

2020 жылы аудандық аурухана 3 жоғары білімді  жас маманмен - 1 провизор,1 педиатр,1 жалпы тәжірибелі дәрігермен толықтырылды.

Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жерлікті бюджеттің трансферт арқылы 62,9 млн теңге қаражат бөлініп, медициналық құрал-жабдықтар алынды.

Байғанин аудандық аурухананасына 6,3 млн тенгеге қайтарымсыз қаражат есебінен негізгі медициналық құрал жабдықтар берілді.

Сонымен қатар гуманитарлық көмек арқылы Қазақстанда құрастырылған  Қазақ-Түрік бірлескен кәсіпорыннан жеткізілген 4 ИВЛ аппараты инфекциялық стационардың реанимациялық бөліміне беріліп, іске қосылды.

2021 жылға арналған міндеттер:

- Аудандық орталық аурухана ғимаратын  күрделі  жөндеуден өткізуге  жобалау сметалық құжаттама  дайындалуда, осы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

- Жарқамыс дәрігерлік амбулаториясының құрылысын 2021 жылға салу;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі №452 бұйрығына сәйкес Ана мен бала  өліміне жол бермеу мақсатында «Жүкті босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары» туралы жұмыстарды жетілдіру:

- Ана өлімін болдырмау және сәби өлімін азайту үшін жүкті әйелді уақытылы ерте есепке  алу, экстргенитальдық және гинекологиялық аурумен диспансерлік есепте тұрған аналарды сауықтыру;

- Салауатты өмір салтын сақтауды тұрақты бақылауға алу, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

2020 жылы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы  аясында  ауылдық елді мекендерге жұмыс жасау және тұру үшін келген  91 маман   136,6 млн теңгенің  әлеуметтік көтермелеу  жәрдемақысымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 31  маман тұрғын үй сатып алуға  120,2 млн теңге бюджеттік несие  алып, баспаналы болды.  60 маман  жергілікті бюджет есебінен  16,4  млн  теңге көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде  білім беру саласы - 69, денсаулық сақтау саласы - 13, спорт саласы - 3, ауылшаруашылығы саласы - 2, мәдениет саласы - 4 маманы қамтылды.

2021 жылға арналған міндеттер:

Бағдарлама бойынша 20 маманға бюджеттік кредит пен көтерме жәрдемақы

Дата публикации
14 января 2021
Дата обновления
14 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

16 октября 2026
2026 жылғы 1 қазанына Байғанин ауданының бюджетінің орындалуы
13 октября 2026
10 сентября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйегіне Байғанин ауданының бюджетінің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы