Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Қ.О.Отаровтың «Ауданның 2019 жылдағы әлеуметтік–экономикалық даму қортындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

2019 жылдың  қорытындысы  бойынша  Байғанин ауданы    барлық әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштер бойынша  100 пайыздан кем  емес өсім қалыптасты.

Аудан тұрғындарының  орташа еңбек ақысы өткен жылмен салыстырғанда  23,0 пайызға артып, 173 159  теңгені  құрады.

Бюджет

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2019 жылға 4 134,9 млн теңгеге  жоспарланып, есепті кезең  ішінде    4 640,0 млн теңгеге немесе 107,5 пайызға орындалды.  Бюджеттің шығысының игерілуі 99,3 % құрады.

Ауыл шаруашылығы

Бүгінгі таңда ауданның ауылшаруашылығы саласында 347 шаруа қожалығы, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 6-өндірістік кооперативтер және  24 жерді жалға  алып пайдаланушылар бар. 

- ауыл  шаруашылығы саласы бойынша  жалпы   өндірілген  өнім   көлемі 13,5 млрд теңгені құрап, жоспар 105,7 пайызға  орындалды.   

Ауылшаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі  өткен жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға артып, 176,0 млн теңгені құрады. «Агробизнес-2020 » бағдарламасы  бойынша жоспарланған асыл тұқымды  мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамытуды  субсидиялау, инвестиция тарту, мал азығын  дайындау  жұмыстары  жоспардан  артық  орындалды.

Еліміздің экономикалық дамуында ауылшаруашылығы саласының алатын  орны ерекше  екендігі баршамызға  мәлім. Соңғы  жылдары ауылшаруашылығы саласын дамыту, осы саланы  мемлекеттік қолдау жұмыстарына   ерекше  көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде  аудан бойынша  мал басының  жыл сайын өсу  тенденциясы байқалады. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда ірі қара мал - 38 942 бас, немесе өсімі - 105,6 %,  қой-ешкі -119 141 бас, немесе өсім - 101,4 %, жылқы -15 371 бас, өсімі 111,3%, түйе – 3363 бас, өсімі - 103,3%  құрайды. Мал басының өсімі мен сапалық  құрамының  жақсатылуы нәтижесінде өндірілген мал өнімдерінің   көлемі де өткен жылмен салыстырғанда  айтарлықтай өсті. Ет өнімінің өсімі - 106,1 пайызға, сүт өнімінің көлемі -101,5 пайызға  өсті. 

Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдары Үкімет тарапынан қабылданып отырған бағдарламалар мен берілген тапсырмаларды орындау бағытында бірқатар жұмыстарды атқарды. Шаруашылықтар мен жұмыссыздарға  шағын несиелер беру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға арналған  «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл ішінде 65 адамға  321,0 млн теңге несие берілді. Берілген несие қаражатқа шет елдерден және ауданнан тыс жерлерден асыл тұқымды аналық  малдарды сатып алу жұмыстары жүргізілді. Ауданның «Қызылшоқы», «Дәулет», «Тұлпар», «Мұратжан», «Адамбол», «Мұңал», «Эльбрус», «Атамекен», «Атақоныс»  т.б шаруа қожалықтары аудан көлеміндегі  асыл тұқымды малдар санын сонымен қатар, сапалық құрамын арттыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда  аудан шаруашылықтарында   асыл тұқымды   ірі қара саны - 917 бас,  асыл тұқымды қой саны - 4174 бас,  асыл тұқымды  жылқы саны -503 бас.

Жыл ішінде ірі қара мен қойдың тұқымдық құрамын жақсарту, асыл тұқымды малдарды  сатып алу  бағдарламасы бойынша  жұмыс жасаған 115 шаруашылыққа  106,3  млн теңге субсидия төленді.  Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және  мал өсіруші  шаруашылықтарды  су көзімен қамту бағдарламасы аясында  11 терең түтікті  скважиналар қазылып, 67 шаруашылыққа  қазылған құдықтарға электр қуаты арқылы сумен  жабдықтау қондырғылары орнатылып, бағдарлама бойынша  шаруашылықтарға 235,9 мың теңге субсидия төленді. Ауа райының  қолайсыздығына  қарамай  ауданның ауылшаруашылығы  құрылымдарының  күшімен   мал қыстату науқанына   209 167 мың тонна  мал азығы  дайындалды.

2020 жылы да «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша  жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында аудан көлеміндегі  бұзылып, істен шыққан  Қарауылкелді, Қаракез  бөгеттерін қалпына келтіріп, көкөніс өнімдерін өсіру көлемін ұлғайту жоспарлануда.

  • Аудан көлемінде қой шаруашылығын дамыту, оның өнімдерін өңдеу бағытындағы жобаларды жүзеге асыру  мақсатында  түркиялық «Salur Sһeep Farm» компаниясы  жұмыс жасауға  ниет  білдіруде, сонымен қатар,  мал сою пунктінің құрылысын  реконструкциялау  бағытында «Мерей и К »ЖШС-гі, ет өнімдерін  өңдеу және цехының жұмысын жүзеге асыру мақсатында «Ажым» ШҚ  және ауданның 2 кәсіпкерлерінің күшімен 2 жылыжай жұмысын   іске қосу  жұмыстары  жүргізілетін болады.

Сол арқылы жаңа  120-130 жұмыс орындарын ашып, бәсекеге қабілетті  ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді жүзеге асыру, аудан тұрғындарын  өз жерімізде өндірілген таза көкөніспен қамтамасыз ету  жоспарлануда.

Өнеркәсіп және инвестиция

- өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі индексі өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 108,1%  болып , жалпы құны –221,6 млрд  теңгенің өнімі өндірілді. 2020 жылдың қорытындысы  бойынша да өндіріс  көлемін  осы  деңгейде  ұстап  тұру   жоспарлануда.

- негізгі капиталға тартылған  инвестиция  көлемі 67,2 млрд теңге немесе  өткен жылғы  осы кезеңмен салыстырғанда  35,9 пайызға  дейін азайып кетті.  Оның негізгі себебі 2017-2018 жылдары  жалпы  құны  42 млрд теңгені  құрайтын «Қожасай» кен орнындағы  мұнай  өндірісі  барысында   шығатын ілеспе газды  қайта  өңдейтін «Газ процессинг компани» газ өңдеу зауытының пайдалануға   берілуіне байланысты болды.  2019 жылы  ондай  ауқымды  жобалар болған жоқ . 

2020  жылы да аудан экономикасына  осы жылдағыдан кем емес көлемде, яғни 60,0 млн  теңге көлемінде  инвестиция тарту мақсатында жұмыстар жүргізу  жоспарлануда.

Шағын және орта бизнес

Аудан бойынша   тіркелген  кәсіпкерлік субьектілер саны 1254 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары  1243  бірлік. Өткен жылғы қорытынды көрсеткіштерімен салыстырғанда  ШОБ  субьектілерінің саны 143 бірлікке, оның ішінде  жұмыс жасайтындар саны 133 бірлікке өсті. 

2019 жылы барлық салалық бағдарламалар  бойынша аудан кәсіпкерлері мен жаңа кәсіпкерлік бастаушыларына, яғни 69 адамға 402,4  млн тенге қаржылық қолдаулар көрсетілді. Жыл ішінде Қарауылкелді ауылынан 2 сауда дүкені,  Жарлы ауылынан 1 тойхана, Ноғайты ауылынан   газ  құю бекеті  ашылды.  Ауданның сауда  дүкендеріндегі  азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында  Қарауылкелді, Ащы ауылдық округінің орталықтарында  көкөніс сақтайтын қойма  жасақталды.   Бүгінгі таңда  екі қоймада  18 тонна картоп, 6 тонна жуа, 5,8 тонна сәбіз, 2,5 тонна капуста сақтаулы.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының  қолдауымен  кәсіпкерлік негіздеріне  оқытып, сертификат беретін  «Бастау бизнес», «Жас кәсіпкер»  жобасымен  6 топта 245 адам оқып, оның ішінде 32 адам 99,0 млн теңге несие алған, 54 адам 26,7 млн теңге  грант қаражатын алуға  қол жеткізді.  

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен  кәсіпкерліктің екі  бағыты бойынша  шеберлік  сабақтары өткізілді.  Жыл аяғында облыстық  іскер әйелдер  қауымдастығының ұйымдастыруымен  12 тақырыпты қамтыған  бизнес –тур өткізілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  жыл  ішінде 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланып,  нақты 4 жоба  69,9  млн  теңгеге  бюджет есебінен қолдау тапты.  

Оның ішінде :

- сыйақы   мөлшерлемесін  субсидиялау  бойынша  ЖК  «Есқазиев Н» -13,0 млн теңгеге  КАМАЗ   автокөлігін сатып алды;

- несиелерді кепілдендіру (гарантирование) бағытында«МАШАТ» ЖШС-гін несиелендіру  мақсатында   «Даму  кәсіпкерлікті қолдау»АҚ    9,5 млн теңгеге  кепілдікпен қамтамасыз етті;

- өндірістік инфрақұрылымды  дамыту бойынша «АЯ» шаруа қожалығына электр энергиясын жүргізуге -44,5 млн теңгенің  жобасы өңірлік  үйлестіру  кеңесімен  мақұлданды;

- шағын кәсіпкерлік  субьектілеріне   қайтарымсыз  несие беру бойынша «Касенов М» ЖК  субьектісіне  жылыжай  шаруашылығына 3,0 млн теңге  грант қаражаты берілді.   

2020 жылы :

- Шағын және орта бизнеспен айналысатындар санын 90 бірлікке ұлғайту  шараларын ұйымдастыру;

- Ауданда кәсіпкерлік қамтылмай отырған салалар кемпинг, жылыжай салу, елді мекендерден шаштараз, наубайханалар ашу;

- Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында аудан көлемінде 2 семинар-тренинг, облсы көлеміндегі семинарларға аудан кәсіпкерлерін қатыстыру;

- «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» бағдарламаларымен 75 адамға 420,0 млн теңгеге несие рәсімдеу;

- Бөлшек сауда көлемін 102 пайызға ұлғайту;

- 210,0 млн теңгеге 7 инвестициялық жобаны (1 жанар-жағар май бекеті, 3 сауда дүкені, 1 супермаркет, 1 қонақ үй, 1-тойхана) жүзеге асыру жұмыстары жоспарлануда.

Құрылыс және тұрғын үй құрылысы

2019 жылдың  қорытындысы бойынша  құрылыс жұмыстарының көлемі  27,8 млрд тенгені құрады немесе нақты көлемінің  индексі  153,5 %.

2019 жылы:

- 8790 шаршы метр  тұрғын үй немесе  46 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі  20,1 пайызға  артық;

- Аудан орталығы Қарауылкелді ауылынан «Нұрлы  жер» бағдарламасы бойынша   екі қабатты 16 пәтерлік тұрғын үй құрылысы (құны 158 164,1 мың теңге),  аудандық саз  мектебінің  құрылысы (97 044,3 мың теңге) және  Алтай батыр ауылына  спорттық алаң (6 748,5 мың теңге)   құрылысы салынып,   пайдалануға берілді; 

- Қарауылкелді ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы  бойынша  жалпы құны 350,0 млн теңгелік дене шынықтыру  және сауықтыру кешенінің  құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс нысаны 2020 жылы пайдалануға  беріледі деп күтілуде;

- Инфрақұрылымы  бар  жаңа  алаңның болмауына байланысты   кезекте тұрған  25  тұрғынға  ғана  жеке  тұрғын үй құрылысы үшін   жер  учаскелері берілді;

- Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 728 тұрғынның  өтініштері  кезекке қойылды;

- Ноғайты (1 139,0 мың теңге), Оймауыт (759,0 мың теңге), Миялы (759,0 мың теңге) елді мекендеріне  бас жоспар жасау жүзеге асырылды;

- Қарауылкелді ауылына 2 қатарлы 16 пәтерлі  2 тұрғын үй құрылысын салу мен  оларға  инфрақұрылымдық  желілер  жүргізуге  жобалу сметалық құжаттамалар дайындалды (4 400,0 мың теңге );

- Қарауылкелді ауылының  Қазақстан көшесіндегі  электр  желісінің құрылысына  жобалық сметалық құжаттама дайындау (629,0 мың теңге);

- Қарауылкелді ауылының 4,5  көшелеріндегі  су құбыры желілерінің  құрылысына  жобалау сметалық құжаттама дайындау (650,0 мың теңге );

- Қарауылкелді ауылының  Болашақ тұрғын  массивіндегі  электр желісін  кеңейтуге жұмыстарына   жобалау сметалық құжаттама жасау (1 300,5 мың теңге );

- Қарауылкелді ауылындағы Теміржол -3 көшесін газбен қамтамасыз етуге  жобалау сметалық құжаттама  дайындау (1020,0 мың теңге);

- Қарауылкелді ауылындағы  Жаңа құрылыс -1  көшесін газбен  қамтамасыз етуге  жобалау сметалық  құжаттамалар дайындау (1020,0мың теңге );

- Қарауылкелді ауылына салынатын  әкімшілік ғимаратын абаттандыру және  инженерлік  желілерінің  құрылысына  жобалау сметалық құжаттамалар  дайындау (1 320,0 мың теңге );

- Қарауылкелді ауылында  әкімшілік ғимаратты салу жобасын ведомствадан тыс  кешенді  сараптамасы бойынша  сараптама жүргізу  жұмыстары (2036,0 мың теңге );

2019 жылы аталған  жұмыстарды  атқару мақсатында  356 ,5млн теңге қаражат бөлініп, игерілді.

2020 жылы:

- «Нұрлы  жер » бағдарламасы бойынша Қарауылкелді ауылына 2 қатарлы 16 пәтерлі  2 тұрғын үй құрылысын салу мен  оларға  инфрақұрылымдық  желілер  жүргізу  (жалпы құны 308, 6  млн теңге );

- Қарауылкелді  ауылына  салынып жатырған  дене шынықтыру  және сауықтыру кешенінің  құрылыс жұмыстартарын   аяқтап, пайдалануға беру ( 2020 жылғы қаралғаны-299,5 млн  теңге);

- Қарауылкелді ауылына   әкімшілік ғимаратының құрылысын салу  (құны 307,4 млн теңге);

- Қарауылкелді ауылының Жармағанбетов көшесімен Барақ батыр көшесінің арасын жарықтандыру (жалпы құны  3 ,2 млн  теңге);

- Қарауылкелді ауылының  Барақ батыр көшесінен  Бармақ батыр көшесі  аралығындағы  көшені жарықтандыру (жалпы құны  16 ,9 млн теңге);

- Жаңақұрылыс  көшесін  электр желісімен қамтамасыз  ету  жұмыстары (жалпы құны 34,2мың теңге)  жасалынатын  болады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Жыл қорытындысы бойынша  елді мекендердің орталықтандырылған  ауыз сумен қамтамасыз етілуі, халық саны бойынша - 82,8 %, газбен қамтамасыз етілуі  - 50,8 % құрады.

2019 жылы:

- Алтай батыр, Қаражар, Көкбұлақ, Қосарал   елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету  мақсатында   облыстық  бюджеттен 19,7 млн теңге қаражат бөлініп, жобалау сметалық  құжаттамалар әзірленді; Қораши  елді мекенін ауыз сумен қамту   мақсатында жобалау сметалық  құжаттама әзірлеуге 0,2 млн теңге   қаражат  бөлінді, қалған қаражат 2020 жылға жоспарланған.

- Қарауылкелді ауылының  су  құбыры желілерін   кеңейту жұмыстары жүргізілді (Жағалау, Қазақстан, Абай, Бармақ батыр  көшелерінің бұрын  су желісі тартылмаған үйлеріне  су желісі тартылды жалпы құны 34,7 млн теңге);

- Жарлы ауылына  жеткізуші  газ құбырын тарту және ауылішілік газ құбырын  тарту жұмыстары   жалғастырылды (2019 жылы бөлінгені -100,0 млн теңге );

- Жаңатаң, Бұлақтыкөл, Кемерши ауылдарына  жеткізуші газ құбырын 702,466 млн. теңге тарту және  Жаңатаң, Бұлақтыкөл  ауылдарына ауыл ішілік газ  құбырын тарту (2019 жылы  55, 687 млн.теңге бөлінді)  жұмыстары  толық аяқталды. Газ желісін  қосу қаңтар айының  соңына  дейін  жүзеге асырылады деп күтілуде;  

- Ноғайты ауылына жеткізуші  және  ауылішілік газ құбырын тарту   жұмыстарына  жобалау  сметалық  құжаттама  әзірлеу  жұмыстары толық аяқталды,құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдарына жоспарланған.

2020 жылы:

  • Жарлы ауылына  тартылатын  жеткізуші газ  құбырының және  ауыл ішілік газ  құбырының құрылысы жалғастырылатын болады;
  • Ноғайты ауылына тартылатын жеткізуші газ құбырының  және ауыл ішілік газ құбырының  құрылысы басталады деп күтілуде;
  • Кемерши ауылына ауыл ішілік газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілетін болады;
  • Қораши ауылын ауыз сумен қамту нысандарының  құрылысына  жобалау  сметалық құжаттама дайындау;
  • Қарауылкелді ауылындағы су құбыры желілерін кеңейту  құрылысына  жобалау сметалық  құжаттарын  әзірлеу;
  • Ноғайты ауылындағы көлемі 25 м куб болатын су жинақтау  мұнарасын  қайта жаңартуға  жобалау сметалық  құжаттарын дайындау;
  • Қарауылкелді ауылындағы көлемі 100 м куб  болатын  су жинақтау  мұнарасының  орнын ауыстыру  және 160 текше  метр болатын  мұнара орналастыру  жұмыстарына жобалау сметалық  құжаттама  дайындау   жұмыстары  жүргізілетін  болады.

Аталған  жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында   бюджеттен 330 млн теңге қаражат  бөлінді.

Сонымен қатар, Дияр,  Баршақұм, Қопа, Жаңатаң  ауылдарын орталықтандырылған ауыз  сумен  қамту мақсатында  жобалау сметалық құжаттамаларын жасауға   ұсыныс  енгізілетін  болады.

Көлік  инфрақұрылымы

Аудан территориясы арқылы  республикалық  маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолының 125 шақырымы өтеді.

Жергілікті маңызы бар  397,5 шақырым  жол  бар.  Оның ішінде  жақсы  жағдайдағысы 20 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы 119 шақырым, қанағаттанғысыз жағдайда 259 шақырым. Жыл сайын  осы жолдарды қалыпты жағдайда ұстау және  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15-16 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

2019 жыл ішінде:

- Жергілікті маңызы бар  «Қарауылкелді –Жарқамыс» бағытындағы жолдарға 3 бөлікке бөлінген  жобалау сметалық құжаттамалар  дайындалды.  Олар: «Қарауылкелді –Жарқамыс 20-35 км», «Қарауылкелді-Жарқамыс 35-50 км», «Қарауылкелді –Жарқамыс-Алтай батыр –Миялы –Оймауыт 0-31 км».

- Жыл ішінде Қарауылкелді ауылының  ауылішілік 4 автомобиль жолдарының  құрылысы  (М.Мәметова, Ақтөбе-Атырау тас жолынан  Барақ батыр  көшесіне дейінгі жол, Барақ батыр көшесінен  Ақтөбе-Атырау тас жолына дейінгі  көше,  С.Ешпаев атындағы көшеден Асау батыр көшесіне дейінгі  жолдар) жүргізілді. Жолдардың құрылысын толық аяқтау 2020 жылға жоспарланған.

- Қарауылкелді ауылының  ауыл ішілік  4 көшесіне  (Қ.Жазықов, Ж.Айжарықов, Ә.Молдағұлова  атындағы және  Переезд көшелеріне) автомобиль  жолдарының құрылысын салуға  жобалау сметалық  құжаттамалары  әзірленді.

Аталған  жұмыстарды атқаруға  облыстық және  жергілікті  бюджеттен  179,1  млн теңге  қаражат  бөлініп, игерілді.

2020 жылы:

- Қарауылкелді ауылындағы С. Ешбаев атындағы көшесінен Асау батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолдарын  күрделі жөндеу  (40, 4 млн теңге);

- Қарауылкелді ауылындағы Қ.Жазықов көшесіндегі автомобиль жолдарының  құрылысы (40,7 млн теңге);

- Қарауылкелді ауылындағы  Переезд-2 көшесіндегі  автомобиль жолдарының  құрылысы (22, 9 млн теңге );

- Қарауылкелді ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі, Ж.Айжарықов көшесіндегі  автомобиль жолдарының  құрылысына жобалау сметалық құжаттама  әзірлеу  (0,856 млн теңге );

- Қарауылкелді ауылындағы  Барақ батыр көшесінен Ақтөбе –Атырау  тас жолына дейінгі   автомобиль жолының  құрылыс  жұмыстары   аяқталатын (73, 5 млн теңге ).

Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар

Есепті  жылдың  қорытындысы  бойынша 705 жаңа жұмыс орны ашылып, жаңадан ашылған және босаған жұмыс орындарына 1028  жұмыссыз  жұмысқа орналасты. 9 рет бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өткізіліп,  160 жұмыссыз тұрақты, уақытша, маусымдық жұмыстарға тартылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша  бойынша  жұмыспен  қамту шараларымен  1850 адамды  қамту жоспарланып,  бағдарламаға жыл ішінде 2589 адам тартылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» жоспар бойынша 130 адам болса, нақты 139 адам оқуға жолданды. Оқуын аяқтағандар  ішінен 124 адам  немесе 89,2 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытында «Бастау Бизнес» жүйесі бойынша  215  адамды оқыту жоспарланып оқытылды, оның ішінде несие алғандар саны  66 адам, берілген несие 321,1млн теңге, яғни 61,2 % несиелендірілді. Сонымен қатар,18-29 жас аралығындағы  көпбалалы отбасы  мүшелері, еңбекке жарамды  мүгедектер, жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ  азаматтарды  кәсіпкерлікке тарту мақсатында  55 адамға 26,8 млн теңге грант қаражаты  берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

Әлеуметтік жұмыс орындарын  құру жоспары  40 адам болса, нақты  69 адам жолданды 94,1 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Жастар бағдарламасы» бойынша 155 адамды қамтамасыз ету жоспарланып, нақты  189 адам қамтылып, жоспар 122 пайызға орындалды. Олардың 98-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.   

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға 418 адам тарту жоспарланып, нақты 592 адам  тартылып,жоспар  141,7 пайызға орындалды. Оның  ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 208  жас  жұмыс жасады.

Мемлекеттік  қолдау шараларын қолданбастан  жұмысқа орналастыруға  (бос жұмыс  орындарына ) 770 адам тарту жоспарланып,  нақты 1028 адам  орналастырылды.  Соның  ішінде «Ақтөбе-Атырау» тас жолына  Қарауылкелді, Көлтабан, Ащы ауылдық  округтерінен -245 адам  жұмысқа  орналастырылды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан басталған атаулы  әлеуметтік көмек  алуға  1151 отбасы (7151) өтініш жасап, олардың  ішінен  613 отбасына (3473 адамға) жыл ішінде 366,8 млн теңге  атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалып, төленді.

Жыл ішінде  атаулы әлеуметтік  көмек алушылар арасынан бәсекеге қабілетті 402 адамының 218-і жұмыспен қамтудың белсенді  шараларына  тартылды.

Оның ішінде:

-тұрақты жұмысқа орналасқандар -125 адам;

-ақылы  қоғамдық жұмысқа жолданғаны -36 адам;

-әлеуметтік  жұмыс орындарына -3 адам;

-жастар практикасына -11 адам;

-кәсіби даярлауға -30 адам;

-қайтарымсыз грант алғандар саны – 13 адам .

Жұмыспен қамтудың белсенді  шараларынан - 184 адам бас тартты.

Мемлекеттік  атаулы көмек алушылардың ішінен табысын жасырған  7 отбасына  тағайындалған 1,9 млн теңге қаражатын қайтару мақсатында аудандық сотқа  жіберіліп,  мемлекет пайдасына  өндірілді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде мүгедектерге көрсетілетінқызметті «Е-Собес»  ақпараттық  жүйесі арқылы  тіркеу қарастырылған. 2019 жылы  мүгедектерді  оңалтудың  жеке бағдарламасы  бойынша  78 адам  протез-ортопедиялық  көмекпен, 16 адам 47 тифлотехникалық құралдармен, 4 адам  сурдотехникалық құралдармен, 49 адам  санаториялық-курорттық  жолдамалармен, 12 адам  кресло-арбалармен, 45 адам  гигиеналық  құралдармен қамтамасыз етілді, МОЖБ орындалу 74 %.

2020 жылы  270  мүгедек  бағдарлама арқылы  қажетті  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін  болады.

ҚР Еңбек және  халықты әлеуметтік  қорғау  министрлігінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі жүргізіліп жатқан  бірыңғай  жиынтық төлем арқылы  формализациялау,статусы жоқ  азаматтарды  анықтау болып табылады. Осы мақсатта  аудан бойынша статусы анықталмаған 2251 азамат болды. Ауылдық округтермен  бірлесе жүргізілген жұмыстың нәтижесінде  2250 азаматтың статусы анықталып,  деректер базасына  салынды, орындалуы 99,9 пайызды  құрайды.  Жыл  ішінде 383  адам  бірыңғай  жиынтық төлемдерін  төлеуді  қамтамасыз етті.

Білім беру

Аудан бойынша 23 мектеп, 2 қосымша білім беру және 15 балабақша жұмыс жасайды. 23 мектептің – 20 орта, 2-негізгі және 1 бастауыш мектептер болып саналады. Оқушылар саны - 4526 құрайды, оларға - 910 педагог кадрлар сабақ береді.

2 қосымша білім беретін мекемелерде  (Б.Тәжібаев атындағы Саз мектебі мен Оқушылар үйі - 1398 оқушылар үйірмеге қатысады). Оларға 27 педагог кадрлар сабақ береді.

15 балабақшада - 995 бала тәрбиеленуде. Оларға 114 педагог кадрлар тәрбие береді.

2019 жылы білім   беру саласының  бюджеті  3 365,3 млн теңгені құрады немесе  өткен жылға қарағанда 28%- ға артық  болды. 2019-2020 оқу жылында  білім беру саласы  24 жас маманмен толықтырылды.  

2019 жылы:

- Қарауылкелді ауылында   үш ауысымдық  мектептер санын азайту  мақсатында 100 орындық  интернатымен 300 орындық  мектептің құрылысы салынып, пайдалануға  берілді.

- Бұлақтыкөл  ауылына  100 орындық   орта мектептің  ғимаратының  құрылысы салынуда, 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда;

- Жарлы  ауылындағы Байғанин орта мектебіне (құны 77,2 млн теңге ) және  Ноғайты ауылындағы  Сағыз  орта мектебіне (67,9 млн теңге ) күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілді;

- Қарауылкелді ауылында орналасқан Қарауылкелді орта мектебі (50,5 млн теңге), №2 Қарауылкелді орта мектебі (68,9 млн теңге), №3 Қарауылкелді орта мектептеріне (43,7 млн теңге)  күрделі  жөндеу жүргізу үшін  жобалық сметалық құжаттамалары әзірленді;

- Қарауылкелді ауылындағы №4 Қарауылкелді  орта мектеп гимназиясына  физика, химия, биология, робототехника кабинеттері (3,1 млн теңгеге)  алынып  берілді.

2020 жылы:

- Оймауыт ауылынан  100 орындық  мектеп - балабақша  ғимаратының   құрылысын салуға жобалау-сметалық  құжаттама әзірлеу үшін (6,5 млн теңге) мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланды;

- Жергілікті   бюджет есебінен  Миялы ауылындағы Т. Айбергенов атындағы орта мектебіне (66,6 млн теңге), Ебейті ауылындағы  Қопа орта мектептеріне (62,8 млн теңге) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік  сатып алу порталында ашық  конкурс  жарияланды.  

Мәдениет

Бүгінгі таңда  ауданда 39  мәдениет  мекемесі жұмыс жасауда. Жыл ішінде   ауданның  мәдениет мекемелерінде  «Рухани жаңғыру», «Жастар жылы», «Мәдени мұра», «Ұлы даланың жеті қыры», «Тілдерді дамыту» бағдарламалары  аясында  еліміздегі маңызды оқиғалар  мен атаулы күндерге орай түрлі тақырыптарда іс-шаралар  ұйымдастырылды. Атаулы мерекелер  жоғары дәрежеде  аталып  өткізілді. Қаңтар-наурыз айлары арасында  аудан  мекемелерінің қатысуымен  «Ұлың өсіп  ер жетті, қызың өсіп бой жетті» атты қайырымдылық акциясы  өткізіліп,  тақырыпқа сай баланың  дүниеге келуінен басталып, үйленгенге дейінгі  жасалатын салт-дәстүрлер  дәріптелген концерттік бағдарламалар халық көңілінен шықты. Концерттен  түскен 210 мың  теңге қаражат  аудандағы 23  жетім баланы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында  ашылған «Тұрғын үй  құрылыс жинақ банкісіндегі» есеп шоттарына аударылды.   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  және «2019-Жастар жылы» болып жариялануына орай «Кеше Бүгін Ертең» атты ауылдық  округтердің  аудандық  байқау  фестивалі  өткізілді. Фестиваль ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесімен басталып,ұлттық  спорттық  ойындардан жарыстар өткізілді, әр ауылдың қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмесі, кітап көрмесі және  шығармашылық үйінің әртүрлі  тақырыптағы  шеберлік  сабақтары  өткізіліп, ел  ризашылығына  бөленді. 

Көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген  отбасылары аналарының қамтылуымен «Аналар  форумы» өткізілді.

«Қазақстанның киелі  жерлер географиясы»  жобасының  іс-шаралар жоспары бойынша Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының  этнология бөлімінің  меңгерушісі  тарих ғылымдарының  докторы, профессор  С.Е.Әжіғалидың басшылығымен Жем-Сағыз өзендері бойындағы және Доңызтау-Үстірт аймағының тарихи-мәдени ескерткіштерін  этносфера-этнографиялық  тұрғыда  кешенді ғылыми зерттеу  экспедициясы  өтті. Ащы  елді мекенінің  жанындағы көне  бейіттерді және Тасқабақтағы  қорымдарды зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Қаражар елді  мекеніне қарасты  жердегі  көне қорымдар  жанынан ХІ-ХІІ ғасырларды  қамтитын  балбал тас мүсіні табылды.  

Қазақстан жазушылар Одағының 85 жылдығы, жерлестеріміз , қазақ әдебиетінің  көрнекті өкілдері  ақын Сағи Жиенбаев пен  Тобық Жармағамбетовтың  туғанына 85 жыл толуына орай «Қаламы жүйрік жерлестер» атты мерейтойлық шара өткізілді;

-Жергілікті бюджет есебінен  Миялы ауылдық  клубын  күрделі  жөндеуден өткізуге  14,0 млн теңге қаражат бөлініп, игерілді;

-Аудандық  мәдениет үйінің  және  орталық кітапхананың материалдық-техникалық базасын  нығайту мақсатында 15,0 млн теңгеге  құрал-жабдықтар, балаларға әдеби кітаптар   мен құрастырмалы сахна  сатып алынды;

- Аудандық орталық кітапханада коворкинг  орталығын ашу  үшін  заманауи технологиямен, қажетті  құрал-жабдықтармен, электронды  кітаптармен  жабдықтау  мақсатында  Республикалық бюджеттен 3 млн теңге қаражат бөлініп, игерілді.

2020 жылы :

- Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.Тоқаевтың  Жарлығына сәйкес Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық  мерейтойын   атап өту мақсатында  ауданның барлық  мәдениет мекемелерінде ауқымды  іс- шаралар жүргізілетін болады;

- Жергілікті ақын  Есенбай Дүйсенбайұлының 80 жылдық, Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың 100 жылдық  мерейтойлары н,Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығын,Ұлы Жеңістің 75 жылдығын,  Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығын,ҚР Конституциясының 25 жылдығын, композитор Ш. Қалдаяқовтың 90 жылдық  мерейтойын өз  мәнінде  атап  өту  жоспарлануда;

- Мәдениет үйінде ақын, драматург, композитр Бәкір Тәжібаевтың құрметіне «Ән мен жырдың -Ақбұлағы» атты республикалық ән байқауын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қ.Мәуешовты еске алуға арналған «Театр-өнердің ұлы көші» әуесқой театрлардың аудандық байқауын, «Ақындары бұлбұлдай сайраған жер» ақындар айтысын, кітапханаларда ақын Есенбай Дүйсенбаевтың 80-жылдығына орай «Сәулелі ғұмыр» поэзиялық кештерін, Ахтан Керейұлының -170 жылдығына «Тіл барында сайрайын»-атты әдеби жыр кештерін өткізу жоспарлануда;

- 2020 жылдың «Еріктілер» (волонтерлер) жылы  болып жариялануына  байланысты  көптеген қайырымдылық іс-шараларын өткізу  жоспарланды;

- «Қазақстанның киелі  жерлер географиясы » жобасының  іс-шаралар жоспары  бойынша  Үстірт, Доңызтау, Жезды, Едіге жалы  аймақтарында  ауқымды шара - археологиялық қазба, зерттеулер жүргізілетін  болады.  

 Спорт

Аудан бойынша  жыл ішінде 152 спорттық  іс-шаралар  өткізілді. Оған 9 мың адамның  қатысуы қамтамасыз етілді.

Аудан тұрғындары, жастар және оқушылардың  бос уақытын тиімді пайдалануы үшін  16 типтік жобадағы зал, 1 стадион, 78 қарапайым спорт алаңдары, 2 икемделген  спорт залдар  жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 30,5 пайызы немесе  6955 тұрғындар жүйелі түрде спортпен айналысады.

2019 жылы:

- Алтай батыр ауылына шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді;

- Ауданымызда тұрғындар арасында спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында аудан жастарының, мекеме қызметкерлерінің, мектеп оқушыларының спартакиадалары жүйелі өткізіліп келеді. Биылғы жылы аудан спортшылары республикалық, облыстық жарыстардан 30 алтын, 43 күміс, 52 қола медальдарын жеңіп алды;

- Аудан атынан Әлем чемпионатына  қатынасқандар арасынан 2 спортшы  жеңімпаз атанып, 1 спортшы Әлем чемпионы атағына ие  болды, бір спортшы  күміс жүлдегер атанды;

- Елбасының «Ұлы даланың  жеті қыры» бағдарламасы аясында   ұлттық құндылықтарымызды  дәріптеу  мақсатында Қарауылкелді, Оймауыт, Қопа, Жарлы, Қосарал  ауылдарында  көкпар, тайжарыс, аударыспақ,  жамбы ату  ойындарынан   ұлттық  спорттық жарыстар өткізді.

2020 жылы:

- Қарауылкелді ауылындағы «Балалар спорт мектебі»КММ-нің  ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады (еденін ауыстыру, жылыту, электр  желілерін ауыстыру, жалпы  құны 31,8  млн тенге);

- Ұлттық  спорт түрлерін дамыту  мақсатында спорттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру  жұмыстары  жүргізілетін болады.  Атап айтқанда  көкпар, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ,  атжарыстарын өткізу  жоспарлануда.

Денсаулық сақтау

 Денсаулық сақтау саласында  жүргізілген  тиімді  мемлекеттік қолдаулардың  нәтижесінде  жыл ішінде  әлеуметтік-маңызды аурулар  көрсеткіштерінің оң динамикасы  байқалды.

Демографиялық көрсеткіштер  жақсарып, 2019 жылы 593 сәби дүниеге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 49 сәби артық дүниеге келіп,  туу көрсеткіші 3,97%-ға көтерілді.Табиғи өсім ағымдағы жылы 4,57%-ға артып отыр.

Бүгінгі таңда  аудан  бойынша  40 жанұяның 83 баласының екпе алмағандығы анықталған. Аудан бойынша екпеден бас тартқан ата-аналармен кездесулер өткізетін құрамында: Байғанин аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Мұратов, аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Н.Шекеева, Байғанин аудандық ауруханасының эпидемиологы А.Қыдырбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Қ.Меделбаев, аудандық аурухананың балалар дәрігері А.Изимова, аудандық Орталық мешіт имамы Е.Көрпебаев, теолог мамандар Н.Серікбаев, М.Култасова, аудандық аурухананың медбикесі К.Егеубайлардан мобильдік топ құрылып, топ жыл ішінде 48 рет тұрғындармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде 7 бала екпе алды. Бірақ бұл мәселе түбегейлі шешімін таппауына байланысты екпе алмаушылардың саны азаймай отыр.

- «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткізілетін жыл сайынға скрининтік тексерулер барысында 2018 жылы 218 адам, ал 2019 жылы 212 адам диспансерлік есепке алынып, сауықтыру жұмыстары жүргізілді;

- 2019 жылы аудандық аурухана 3 жоғары білімді  жас маманмен толықтырылды;

- Аудандық аурухананың материалдық – техникалық базасын нығайту  мақсатында   облыстық  бюджет есебінен  114 млн теңге қаражат бөлініп оған; ашық реанимация жүйе -1,1 млн теңге, жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды демалту аппараты СРАР-3,1 млн теңге, монитор ВМ7Bionet - 8,7 млн теңге, өкпені жасанды демалту аппараты НАМILTOC 1-16,4 млн теңге, монитор 5,1 млн теңге, УЗИ диагностикалық жүйесі 4,8 млн теңге, наркоз аппараты - 26,5 млн теңгенің құрылғылары сатып алынды.

Аудан тұрғындарына 48 төсектік «Байғанин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,7 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункттер дәрігерлік көмектер көрсетеді.

2020 жылға Жарқамыс (құны 184,2 млн т.) отбасылық амбулаториялық құрылысына 7,5 млн теңге жобалау сметалық құжаттама әзірленді.

2020 жылы:

- Аудандық орталық аурухана ғимаратын  күрделі  жөндеуден өткізуге  жобалау сметалық  құжаттама  дайындалатын болады (8 млн теңге);

- ана мен бала  өліміне жол бермеу мақсатында «Жүкті босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медицианлық көмекті жетілдіру шаралары» туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі №452 бұйрығына сәйкес жұмыстарды жетілдіру және үнемі сапасын бақылауда ұстау;

- дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілік санатын арттыру бойынша 2020 жылы 9 дәрігер және 43 медбикені оқыту жоспарлануда.

«Нұрлы жол» бағдарламасы

 2017 жылдан бастап  «Нұрлы жол» бағдарламасы  бойынша  аудан территориясы  арқылы  өтетін Республикалық  маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын күрделі  жөндеуден  өткізу  жұмыстары  жүргізілуде. Жоба бойынша жүргізілетін жұмыстар  3 бөлікке бөлініп, жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 220-335 шақырым аралығындағы 115 шақырым жол  қайта  жөндеуден өткізіліп, жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалын жүзеге  асыруда қанағаттанарлық  жағдайлар жасалынатын болады. Жұмыс барысында  270-ке жуық  жұмыс орындары пайда болды.  Жоспар бойынша аталған жолдың  күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы  аяқталып, пайдалануға  берілетін болады.

2020 жылы:

- Бағдарлама аясында ашылатын жұмыс орындарына   жұмыссыз аудан тұрғындарын  орналастыру мақсатында  жұмыстар жүргізілетін болады.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы

 2019 жылы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы  аясында   ауылдық елді мекендерге жұмыс жасау және тұру үшін келген  128  маман   133,8 млн теңгенің  әлеуметтік көтермелеу  жәрдемақысымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде  32  маман тұрғын үй сатып алуға  114,3 млн теңге бюджеттік несие  алып, баспаналы болды.  96  маман  жергілікті бюджет есебінен  19,6  млн  теңге көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде  білім беру саласының - 71, денсаулық сақтау саласының -10, спорт саласының – 7, ауылшаруашылығы саласының - 4, мәдениет саласының - 3 маманы ,әлеуметтік қамсыздандыру саласының  1 маманы қамтылды.

2020 жылы да  бағдарлама  бойынша  жұмыстарды жалғастыруға  бюджеттен  138,3 млн теңге  қаражат қаралды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша

2019 жылы бағдарлама бойынша 9 селолық округке  20,9 млн теңге бөлініп, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала обьектілеріне абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

 Аталған бағдарлама аясында  Ноғайты ауылындағы клуб үйінің сырты қапталып,  төбесі қайта шатырланды. Көкбұлақ, Қосарал еді мекендеріне  балалар ойын алаңдары салынып, осы өңірлерге ірі қара малдарын қамап таборалайтын аулалар салынды. Кемерши, Алтай батыр,  Қаражар  елді мекендерінің  көшелері жарықтандырылды.  Елді мекендерге  кіре  берістегі  стеллалар  жаңартылды.

2020 жылы  бағдарлама бойынша   21,0 млн теңге қаражат  бөлінді, жұмыстар жалғасын  табатын болады.

Жастар саясаты

Аудан тұрғындарының   6392-сі жастар, яғни  жастар саны  барлық тұрғындардың  26,9 пайызын құрайды. Жыл ішінде  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында  жастар саясатының  іс-шаралар жоспарын  қаржыландыруға  бюджеттен  24,6, млн теңге қаржы бөлінді.  Аудан бойынша  жұмыс жасап тұрған жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны - 5. Олар: «Аңсар-Байғанин» ҚБ, «Жігер»ҚБ, «Байғанин жастары »ҚБ, «Әл-қуат »ҚБ, «Байғанин ауданын  қолдау және дамыту»ҚБ.  Бүгінгі таңда  олардың ішінен «Жігер»ҚБ мен «Аңсар-Байғанин» ҚБ белсенді жұмыс жүргізуде.

Жұмыссыз жастарға «Бизнес-Бастау», «Жасыл ел », «Жас кәсіпкер» бағдарламалары  түсіндіріліп,  маусымдық  жұмыстармен қамтылды,  кәсіпкерлік мақсатқа оқытылып, несие қаражат алуына  жәрдем жасалды.

«Жастар тәжірибесі»  бағдарламасы бойынша 189 жұмыссыз жас, «Жасыл ел» бағдарламасы  аясында 208 жас жұмысқа тартылды. Жыл ішінде  Байғанин аудандық жастар ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен 202 іс-шара өткізіліп, оған 7388 жас қамтылды.

Өткен  жылы Ақтөбе облысының   үздігі атанған Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығы  биыл Республиканың 180 орталығынан басым түсіп, «Ең  үздік  жастар ресурстық орталығы -2019» байқауының жеңімпазы атанды.  «Жастар жылы » аясында  аудандық, облыстық деңгейде  кең көлемді  «Қар үстіндегі футбол»,  «Шіркін Life» іс-шаралары мен  «Самұрық-2019»  облыстық  жастар  форумы өткізілді.

Қоғамдық-саяси жағдай

Елбасы ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақалалары мен  жолдауларын, ҚР Президенті  Қ.Тоқаевтың  2 қыркүйек 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын  тұрғындар  арасында насихаттау мақсатында жыл ішінде 19556  адам қамтылған 278 кездесулер өткізілді. Ақпартаттық түсіндіру жұмыстарына аймақтық  жазушылар одағы мүшелерінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін  пайдалану арқылы  біріккен іс-шаралар  өткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында  жинақталған  101,4 млн теңге қаражатқа   аудан тұрғындары үшін  тиімді  71 жоба  іске асырылды. Сағыз орта мектебінің  түлектерінің  демеушілігімен  700 мың теңгеге  20 көше шамы және 800 мың теңгеге  «Туған жерім  Ноғайты» атты стелла  орнатылды.  Оймауыт ауылында  мектеп бітіргендеріне 20,30 жыл  болған түлектердің демеушілігімен  4,0 млн теңгеге ауылға  саябақ орнатылды және «Ұстазға  тағзым» атты стендтік тақтасы және  ауыл азаматы Сұлтан Аманғосовтың  бюсті  орнатылды. Жарқамыс орта мектебінің түлектері жыл сайын  әр сала бойынша ауыл үздіктерін анықтап, 1 млн теңгеден  қолдау  көрсетіп отыр. Оңалту орталығына жеке кәсіпкер Е.Сисенбаевтың  демеушілігімен  1 млн теңгеге  музыкалық аппаратура  алынып  берілді.   

Аудан әкімі жанындағы дін  мәселелері  жөніндегі ақпараттық  түсіндіру тобы және ауданымызға облыстық, республикалық  дәрежедегі теологтар келіп   жыл ішінде ауыл тұрғындары мен жастар арасында жат ағымдардың   идеологиясынан  сақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізіп 165 кездесулер өткізіліп, іс-шара 13191  тұрғынды қамтыды. Дәстүрлі емес діни ағымдарды  жақтаушылармен  жүргізілген  атаулы іс-шаралардың  нәтижесінде жыл ішінде дәстүрлі дін арнасына 12 адам қайта  оралды.

 Мемлекеттік  қызметтер

Аудан бойынша 68 мемлекеттік мекеме   мемлекеттік қызметтер көрсетумен айналысады. 2019 жылдың 11 айында  мемлекеттік қызметтердің 104 түрі бойынша  барлығы  93 722 қызмет  көрсетілді. Аудан бойынша электрондық мемлекеттік қызметтерді  тұтынушылардың  үлесі 99,2% құрайды.   Халыққа қызмет  көрсету  орталығы арқылы  баламалы негізде  көрсетілетін  мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың  үлесі  95,05%  құрайды.

2020 жылы:

- «Халыққа қызмет көрсету  орталығы » қызметкерлерімен  өзара іс-қимыл  шараларын жақсарту бойынша  шаралар қабылдау.

- Электрондық форматта  көрсетілетін  мемлекеттік қызметтерді  тұтынушылардың  үлесін  көбейту жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру.

Өтініштермен жұмыс

2019 жылдың 12 айы ішінде аудан  әкімі аппаратына  жеке және заңды тұлғалардан  651 өтініш келіп  түскен. Оның ішінде  жеке тұлғалардан - 560, з 91 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті.

Қарау нәтижесінде 502 өтінішке түсіндірме берілсе, 149 өтініш қанағаттандырылды.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің сұрақтар сипатына тоқталар болсақ:

  • Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бағыты бойынша -101 өтініш 90 (15%);
  • Жер және жерді пайдалану бағыты бойынша – 155 өтініш (23,8%);
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету сұрақтары бойынша -213 өтініш (32,7 %);
  • Білім сапасы бойынша – 52  өтініш (7,9%);
  • Денсаулық сақтау салысы бойынша -6 өтініш (0,9%);
  • Ауылшаруашылығы саласы бойынша – 5 өтініш (0,7%) ;
  • Құрылыс саласы бойынша  10 өтініш (1,5%);
  • Өзге де сұрақтар бойынша -109 өтініш (1,7%);

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағыты бойынша 101 өтініш келіп түскен.Оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй сұрап 27, жеке тұрғын үйіне немесе құрылыс нысандарына коммуникациялық желілер тартып беру жөнінде 18, автожолдарды , көпірлерді жөндеу және өзге де сұрақтармен 56 өтініш тіркелген. Өтініш білдіруші 27 азаматтың бірі мүгедек, бірі көп балалы ана, кейбірі жетім балаларды асыраушы азаматтар. Аталған азаматтардың барлығына да тұрғын үйдің қажеттілігін ескере отырып, алдағы жылдары салынатын мемлекеттік тұрғын үйлердің санын көбейту мақсатында қосымша қаржы бөлуді қажет етеді.

Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бағыты бойынша келіп түскен 213 өтініштің басым бөлігі, яғни 50%-ден астамы жұмыс сұраушы азаматтар. Аталған жағдайға орай, тиісті мекемелер мен кәсіпкерлер жұмыссыз азаматтарға жұмыс орнын ұсыну және азаматтардың өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуы үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысу бағытында жұмысты жандандыруды қажет деп есептейміз. 

Барлық  өтініштер қаралып, қанағаттандырылды,  түсіндірмелер берілді.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

          Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі құрылған аймақтық  комиссия,  барлық уәкілетті органдармен бірлесіп қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Рухани адамгершілік  және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасынан қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген жоспарларға сәйкес білім бөліміне қарасы ұйымдарда 19-орта мектепте, 2-негізгі мектепте, 1-бастауыш мектептерде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтары құрылды. Клуб мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Клуб мүшелері 3-секцияға бөлінеді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық, мәдение-көпшілік іс-шаралар. Барлық 22 мектепте «Адалдық дүкені» бұрыштары ұйымдастырылды. Оқушылар керекті заттарын алып, ақшасын жәшікке қалдырады. Дүкен жұмысы сатып алушылардың сенімі мен адалдығына негізделген. Болашақ ұрпақты ізгілікке тәрбиелеудегі оң қадамдардың бірі. Мұндай дүкендерді енгізу-ұрпақтың жағымды моральдық қасиеттерін дамытып, парасаттық пен адалдыққа баулуға бағытталған. Бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша  Департаментімен біріккен түрде «Адал-жол-честный путь» марафон эстафетасы өткізілді. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ауданда «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып жұмыс жасауда. Жоба аясында «Парасатты кезек» атты акция, тұрғындармен «Ашық есік» күндері мен азаматтарды  жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында «Азаматтарды онлайн қабылдаулар» өткізу туралы құрылған кестеге сәйкес 15 мекеме басшысымен және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы», «Дипломмен ауылға» бағдарламасына және аудан әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының жұмысын жүргізуге жауапты мамандармен тікелей эфир өткізілді. Эфир барысында 300-ден аса сұрақтар қойылып, тікелей эфирге 2800-ге  жуық тұрғындар қатысып өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Мемлекеттік органдардың ашықтығын айқындау, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін болдырмау мақсатында Байғанин ауданы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау үшін «Open space» қағидатына сай кабинет жасақталып, азаматтарды өтініштерімен жеке қабылдаулар және әкімдіктің түрлі комиссия отырыстары, қабылдаулар өткізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер  өткізіліп олар үнемі әлеуметтік желілерде жарияланып отырады. Аймақтық комиссияның 4-рет отырысы өткізіліп, онда 8-мәселе қаралды.Сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер 2-рет өткізілді. Нәтижесінде аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық талаптарын бұзушы тұлғалар тіркелген жоқ.

Қоғамдық қауіпсіздік

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. 2019 жылы аудан көлемінде 91 құқық бұзушылық  тіркелген (2018 жылы-105), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс  саны 14 бірлікке,  -13,3 пайызға  төмендеген. Аудан көлемінде мал ұрлығы тиылмауда. Өткен жылы 10 мал ұрлығы тіркелсе, биылға жылы 14 мал ұрлығы тіркелген. Мал ұрлығының барлығы даладан, еркін мал жайылымдарынан жоғалған малдар.

2018 жылы кәмелетке толмағандармен  7 қылмыс  жасалса, 2019 жылы 1 қылмыс бірлігі тіркелген.  Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің  кәмелетке толмағандар  істер жөніндегі  бөлімшеде 14  жасөспірім есепке қойылған.

Автокөлікті  мас  күйінде  жүргізген 37  жүргізуші  анықталды, 5 жол көлік  оқиғасы  тіркелді. Ішкі істер бөлімінің тарапынан барлық ауылдық  округтерде  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  және қылмыстың алдын алу  мақсатында 521 кездесулер,  лекциялар және әңгімелесулер өткізілді. Аудандық «Жем-Сағыз» газетіне әртүрлі тақырыпта 6 мақалалар жарияланды, аудан бойынша рұқсат етілмеген митингілер, демонстрациялар және басқада келеңсіз оқиғалар тіркелген жоқ.  

Есептік кездесу бойынша

2018 жылдың қорытындысы бойынша  аудан әкімінің  аудан тұрғындарымен өткізілген кездесу кезінде  ауыл тұрғындарының ұсынысымен  8 проблемалық мәселе көтеріліп, бақылауға алынды. Оның ішінде, Қарауылкелді ауылына  жаңадан салынған мектепке  ауыл ішілік  автомобиль  жолы мен тротуар  құрылысын салу жұмысы, Алтай батыр ауылына орталықтандырылған ауыз су құбырын  тарту жұмысы,«Ақтөбе-Атырау» тас жолының  бойында орналасқан Жағалау көшесіне  көтерме жол салу  жұмыстары шешімін  табу  үстінде. 5 мәселе жыл ішінде шешімін тауып, тұрғындардың  ұсыныстары қанағаттандырылды.

Атап айтқанда: 

- Жарлы ауылындағы Байғанин орта мектебін және Ноғайты ауылындағы Сағыз орта мектептеріне күрделі  жөндеу  жұмыстарын жүргізу;

- Миялы ауылдық клубына күрделі  жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Қарауылкелді ауылының Жағалау көшесіне  орталықтандырылған  су құбырын  жүргізу;

- Алтай батыр ауылына заманауи  спорт алаңының  құрылысын салу;

- Көкбұлақ, Қосарал ауылдарына  арнайы  ойын құрылғыларымен жабдықталған   балалар  ойын алаңын  салу жұмыстары шешімін тапты. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша  облыс әкімінің  облыс тұрғындарымен кездесу  жиналысында Байғанин ауданының тұрғындарымен 2  мәселе ұсынылып, жыл ішінде  қанағаттандырылды.

Атап айтқанда:

- Қарауылкелді ауылына денешынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысын салуды қаржыландыру;

- Қарауылкелді ауылынан  2 қатарлы 16 пәтерлі  тұрғын үй құрылысын салуды қаржыландыру.

Жыл  ішінде  атқарылған  жұмыстар  осындай. Алдағы  уақытта да   жоспарлы  жұмыстарды  осы бағыттар  бойынша жүргізетін  боламыз.

Дата публикации
15 января 2020
Дата обновления
15 января 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

16 октября 2026
2026 жылғы 1 қазанына Байғанин ауданының бюджетінің орындалуы
13 октября 2026
10 сентября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйегіне Байғанин ауданының бюджетінің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы