Байғанин аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі
КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫН (КОНВЕРТТЕРІН) АШУ ХАТТАМАСЫ
Аудандық жер комиссиясының конкурстық конверттерді ашу жөніндегі №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 27.02.2026 жыл 11 сағат 05 минут
Жер комиссиясының құрамы:
Темір ауданы филиалының директоры
Нағашыбаев Ғ.Қ. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: Ж.И.Айсұлтан, Е.А.Аскаров, А.Б.Бораш, Қ.Т.Жақасов, Н.Жұбанышев, А.К.Кажимов, А.Қ.Межеш, Р.Хайырмуканбетов, Қ.Б.Қоңқаев, Ж.К.Булебаева, А.Ш.Жұбаналин, жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Жер комиссиясы хатшысы күн тәртібіне сәйкес, жер комиссиясының жұмыс органына, яғни «Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не келіп түскен конкурстық өтінімдер бойынша конкурсқа қатысушылар туралы, олардың конкурстық ұсыныстарының мазмұнын жариялады (7 лот бойынша – 13 өтінім), конверттерді ашу рәсімін жасады.
Конверттерді ашу рәсімі бойынша:
Жаңажол ауылдық округі.
№1-лот жайылымдық 758,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Жаңажол ауылдық округі.
№2-лот жайылымдық 1242,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Жаңажол ауылдық округі.
№3-лот жайылымдық 2220,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Жаңажол ауылдық округі.
№4-лот жайылымдық 2280,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Жарқамыс ауылдық округі.
№5-лот жайылымдық 3000,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Сартоғай ауылдық округі.
№6-лот жайылымдық 1100,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа жіберілген конкурстық құжаттар (конверттер):
Сартоғай ауылдық округі.
№7-лот жайылымдық 1200,0 га жер учаскесі бойынша конкурсқа өтінімдер түспеді.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса немесе қатысушыларға қандай да бір туыстық қатынастарыңыз болған жағдайда орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Аудандық жер комиссиясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексінің» 43-бабы 2-тармағы, 43-1-бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен конкурстық құжаттарды (конверттерді) ашу рәсімінің нәтижесінде
ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктер, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеуді, сондай-ақ жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеруді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде инвистициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап, салыстыру жұмысын бастау үшін тиісті конверттер конкурсқа жіберілсін.
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: Ж. Айсұлтан
Е. Аскаров
А. Бораш
Қ. Жақасов
Н. Жұбанышев
А. Кажимов
А. Межеш
Р. Хайырмуканбетов
Қ. Қоңқаев
Ж. Булебаева
А. Жұбаналин
Хатшысы: Ғ. Нағашыбаев
Аяқталған уақыты 11 сағат 30 минут.