Аудандық жер комиссиясының №2 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 21.11.2025 жыл 11 сағат 04 минут
Жер комиссиясының құрамы:
Темір ауданы филиалының директоры
Нағашыбаев Ғ.Қ. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: Ж.И.Айсұлтан, Е.А.Аскаров, Н.А.Ахметов, А.Б.Бораш, Е.Н.Есказиев, Н.Қ.Жұбанышев, Н.А.Жанғалиев, К.К.Калкаманов жер комиссиясы хатшысы Ғ.Нағашыбаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Ащы ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық өтінімдерге байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.
Жер комиссиясының мүшесі Қ.Т.Жақасовтың жақын туыс інісі Қ.М.Жұмағазы осы лотқа өтінім беруіне байланысты мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында жер комиссиясы төрағасының рұқсатымен босатылды. (Өтініші қоса жалғанды 1 - бетте)
Жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев:
Ащы ауылдық округі.
№2-лот жайылымдық 2900,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:
Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы Ғ.Нағашыбаев шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Ащы ауылдық округі бойынша №2 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Ащы а/о, жер учаскесінің көлемі (га) |
№
|
Өтінім беруші атауы |
Инвестиция көлемі (теңге) |
Балл саны |
Дауыс саны |
Жеңімпаз |
Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері
|
|
2-лот 2900,0 |
1
|
Аманғалиев Манас Құрманбайұлы |
40 000 000 |
5 |
|
|
|
|
2
|
Жұмағазы Қуат Мұхамбетұлы |
15 000 000 |
13
|
|
Жеңімпаз |
|
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: Ж. Айсұлтан
Е. Аскаров
Н. Ахметов
А. Бораш
Е. Есказиев
Н. Жұбанышев
Н. Жанғалиев
К. Калкаманов
Хатшысы: Ғ. Нағашыбаев
Қоса жалғанды: Бал беру кестесі -1 бетте және Қ.Т.Жақасовтың өтініші 1 - бетте.
Жер комиссиясы төрағасы Р.М.Обаев: Жер комисиясының отырысы аяқталды. Барлық 2 лот бойынша конкурстық ұсыныстар толығымен қаралды, бүгінгі отырыс мәселелері бойынша қосымша сұрақтарыңыз немесе алып қосар пікірлеріңіз бола ма? Жоқ болса жер комиссиясы отырысының барлық қатысушыларына рахметімізді айтамыз. Жиналыс жабық.
Аяқталған уақыты 11 сағат 18 минут