Аудандық жер комиссиясының №1 хаттамасы
Қарауылкелді ауылы 21.11.2025 жыл 10 сағат 33 минут
Жер комиссиясының құрамы:
Темір ауданы филиалының директоры
Нағашыбаев Ғ.Қ. - Хатшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы
Аудандық жер комиссиясының негізгі құрамына қосымша құрам:
(ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес жер учаскелері берілген жағдайда, қажеттілікке байланысты)
Қатысқандар:
Жер комиссиясы төрағасы: Р.М.Обаев, жер комиссиясы мүшелері: Ж.И.Айсұлтан, Е.А.Аскаров, Н.А.Ахметов, А.Б.Бораш, Е.Н.Есказиев, Қ.Т.Жақасов, Н.Қ.Жұбанышев, жер комиссиясы хатшысы Ғ.Нағашыбаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Қарауылкелді ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесінің жеңімпазын анықтау.
Жер комиссиясының төрағасы Р.М.Обаев: Құрметті жер комиссиясы құрамы конкурстық ұсыныстардың конверттерін ашу рәсімін жасадық, әрі қарай өтінімдеріне байланысты конкурстық ұсыныстарын қарап, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпаздарын анықтайтын боламыз. Сөз жер комиссиясы хатшысына беріледі.
Жер комиссиясы хатшысы Ғ.Қ.Нағашыбаев:
Қарауылкелді ауылдық округі.
№1-лот жайылымдық 2000,0 га жер учаскесі бойынша өтінім тапсырушылар:
Күн тәртібіне сәйкес, Байғанин аудандық жер комиссиясының хатшысы Ғ.Нағашыбаев шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың Қарауылкелді ауылдық округі бойынша №1 лотқа тапсырылған өтінімдерді жариялады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалап салыстыруды жүзеге асырды.
Жер комиссиясының төрағасы Р.Обаев: Қаралған конкурстық ұсыныстар бойынша алып қосар ұсыныс пікірлеріңіз болса орындарыңыздан тұрып айтуларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» Байғанин 43 бабының 2 тармағы, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес, жер комиссиясы төмендегідей қорытынды ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Қарауылкелді а/о, жер учаскесінің көлемі (га) |
№
|
Өтінім беруші атауы |
Инвестиция көлемі (теңге) |
Балл саны |
Дауыс саны |
Жеңімпаз |
Қолдап дауыс берген комиссия мүшелері
|
|
1-лот 2000,0 |
1
|
Қозыбай Райыс Байдуллаұлы |
60 000 000 |
25 |
|
Жеңімпаз |
|
|
2
|
Сахыев Жанбирбай |
115 000 000 |
22
|
|
|
|
Қалыс қалғандар: жоқ.
Қарсы болғандар: жоқ.
Жер комиссиясы төрағасы: Р. Обаев
Мүшелері: Ж. Айсұлтан
Е. Аскаров
Н. Ахметов
А. Бораш
Е. Есказиев
Қ. Жақасов
Н. Жұбанышев
Хатшысы: Ғ. Нағашыбаев
Аяқталған уақыты 11 сағат 03 минут